---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/09/antikor-%d2%9barzhy-ministrligini%d2%a3-lauazymdy-t%d2%b1l%d2%93alary-paramen-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Антикор: Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды

![Антикор: Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/1551755_386_0_5511_3844_1920x0_80_0_0_f12f422ece09b457240759ae3ba14930.jpg)

**Арнайы операция барысында Алматы және Астана қаласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

> «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласуынан қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен ақша қаражатын заңсыз алу жөніндегі қылмыстық іс қозғалды», — деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, арнайы операция барысында Алматы және Астана қаласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

> «Олар кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты толық сомаға азайтуға жататын негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілікті. Лауазымды тұлғалар мәселені шешу сылтауымен оның 68 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденді. Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соттың санкциясынан күдіктілер электронды білезік салынып, үй қамаққа алынды», — дейді ол.

Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа да тұлғалардың қатысының бар-жоғы анықталатынын айтты. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

*Фото: Sputnik*

 

---

Жарияланды: 2024-10-09T08:48:31+06:00

Жаңартылды: 2024-10-09T08:48:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/09/antikor-%d2%9barzhy-ministrligini%d2%a3-lauazymdy-t%d2%b1l%d2%93alary-paramen-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.