Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу бойынша операция жасалды

admin by admin
9 октября, 2024
Алматыда алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу бойынша операция жасалды

Алматы қаласында алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында MitraClip жүйесінің көмегімен митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу бойынша 72 жасар пациентке миниинвазивті рентгеноперациясы жасалды. Операция Цюрихтен келген (Швейцария) профессор Maurizio Taramasso басшылығымен және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының (Астана) интервенциялық кардиологы, м.ғ.д. Марат Ариповпен бірлесіп жүргізілді.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Пациент ұзақ жылдар бойы 200/100 мм сын.бағ.дейін жоғары қан қысымынан, митралдық жетіспеушіліктен, жүрекше фибрилляциясынан зардап шеккен. 2 жыл бұрын миокард инфарктына шалдыққан. Демікпенің өршуі, жүрек соғуының жиілеуі, құлақтың шуы, жалпы әлсіздік, тез шаршау сияқты ауру белгілерімен жағдайы нашарлаған. Институтқа емдеуге жатқызу кезінде консилиум өткізіліп, жүрек ырғағының бұзылуын бақылау және митралды клапанды клиптеу жолымен түзету мақсатында өкпе тамырларының радиожиілік абляциясын жасау ұсынылды.

Митралдық жеткіліксіздікті емдеудің негізгі әдісі — пластика немесе екі жақты клапанды толық ауыстыру операциясы. Алайда пациенттің ауруының асқынуы, қосымша патологиялық жағдайына байланысты ауыр жағдайы операцияның қаупін арттырды.

MitraClip — бұл митралды клапанды қалпына келтірудің аз инвазивті техникасы. Бұл инновациялық құрылғы митралды клапанды клиптеу арқылы қанның регургитациясын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ашық хирургиялық операцияларды көтере алмайтын пациенттер үшін жүрек жұмысын жақсартудың жалғыз мүмкіндігі. Операция наркоз беру арқылы жүргізіледі. Интервенциялық хирургтер сан тамырлары арқылы катетердің көмегімен рентгенологиялық және УДЗ бақылауымен митралды клапан аумағына жетеді. Құрылғы клапанға бекітіледі, осылайша оларды қысады, қан ағыны қалыпқа келеді.

«Біз жаңа технологияларды енгізе отырып, заманауи медициналық үрдістер мен стандарттарды ұстануға тырысамыз. Біздің дәрігерлер: рентгеноперблогының және функционалдық, ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушілері Брюссель қаласындағы (Бельгия) Abotte компаниясының тренингтік орталығында тағылымдадан өтіп келді. Біздің клиника мен ҰҒКО-ның интервенциялық кардиологтарының да, УДЗ дәрігерлерінің де жоғары кәсібилігін атап өту маңызды, себебі операцияның сәтті өтуі дәрігерлер командасының үйлесімді жұмысына байланысты», — дейді институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Бұл технология жетекші еуропалық клиникалардағы басқа да аурулары бар және операциядан кейінгі асқынулардың даму қаупінің жоғары болуына байланысты «ашық» операция жасауға жарамайтын пациенттер арасында өзін жақсы дәлелдеді. Енді бұл миниинвазивтік әдіс біздің институт пациенттеріне де қолжетімді болды. Импланттың қымбат болуына қарамастан, бұл операция тегін жасалады. Мұндай операциядан кейін пациенттер тез сауығып, аз уақытта үйге шығарылады», — деп ойымен бөлісті Марат Орынбасарұлы.

Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекованың айтуынша, бұл процедураның ерекшелігі — операция жүректің эхокардиографиясының толық бақылауымен жасалады. Емханада заманауи 3-D эхокардиографиясы бар ультрадыбыстық аппарат болғандықтан, клип орнатудың нақты орны анықталып, интраоперациялық бақылау жүргізіледі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Бұл аз инвазивті процедураны қолдану пациентті қалпына келтіру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, ал жағдайының жақсаруы наркоздан шыққаннан кейін бірден сезіледі. Мұндай операциялардан кейін пациенттер тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйге шығарылады. Оларда өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, демігу азаяды, физикалық төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді», — деп түсіндірді рентгенэндоваскулярлық оперблок меңгерушісі Алексей Колесников.

«Мен қазір өзімді өте жақсы сезінемін, тыныс алуым дұрысталды, құлағымда шу жоқ, серуендеймін, үй жұмыстарымен айналысамын. Мұндағы мамандар өте білікті. Оларға деген алғысым шексіз», — дейді пациент.

2020 жылы MitraClip құрылғысы үздік медициналық технология үшін Prix Galien USA сыйлығына (Нобель сыйлығына тең) ие болды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Антикор: Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды

Келесі жаңалық

Жетісу облысындағы дебаттық қозғалыс: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Жетісу облысындағы дебаттық қозғалыс: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер

Жетісу облысындағы дебаттық қозғалыс: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер

Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Доллар бағамы түсті

29 марта, 2021
Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

27 декабря, 2020
Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында

Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында

21 декабря, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
  • Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.