Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды

admin by admin
7 октября, 2024
Жетісуда «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды

Zhenis ISKABAY

Бүгін Талдықорған қаласында «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды. Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римованың атындағы бұл өнер мерекесіне елімізбен қатар Қырғызстан, Грузия, Түркияның театр ұжымдары қатысады. Талдықорған драма театрында өткен іс-шараның ашылу салтанатында көпшілікті Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

— Ерекше талантымен ел есінде қалған Халық әртісі Бикен Римова апамыздың атындағы бұл фестиваль биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Өнерде шекара жоқ». Бұл шараға қатысуға алыс-жақын шет мемлекеттерден айтулы театр ұжымдары келіп отыр. Жетісу облысы үшін ғана емес, еліміздің рухани өмірі үшін бұл фестивальдің орны бөлек. Ортақ өнердің мерейін асырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер. Баршаңызға шығармашылық табыс, фестивальда сәттілік  тілеймін, — деді Б.Исабаев.

Атап өтсек, қазан айының 7-10-ы аралығында төрт күн бойы Грузияның В. Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Қырғызстаннан Қ. Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры, сол сияқты Қазақстаннан С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық драма театры, Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облыстық орыс драма театры, Б. Омаров атындағы «Жас сахна» театры, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры – жалпы саны 8 театр өнер көрсетеді. Қойылымдар Талдықорған театры мен Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның ғимараттарында өтеді. Бұл ретте өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов төрағалық ететін сыншылар алқасы жұмыс істеп, қойылымдарға кәсіби талқылау жасап отырмақ. Оның мүшелерінің сапында елімізбен қатар Татар және Грузин мемлекеттік театрларының белді өкілдері де бар.

Еске салсақ, бұл Халықаралық театр фестивалі Жетісу облысы әкімінің бастамасымен Бикен Римованың 100 жылдығына орай өткен жылы тұңғыш рет өткізілген болатын. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай 

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Нұрлан Әбдіров: Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Келесі жаңалық

Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

ARCHICA-2024: Алматыда өтетін «дөңгелек үстелде» халықаралық деңгейдегі сарапшылар «Қазақстан қалаларының дизайн-коды» тақырыбын талқылайды

ARCHICA-2024: Алматыда өтетін «дөңгелек үстелде» халықаралық деңгейдегі сарапшылар «Қазақстан қалаларының дизайн-коды» тақырыбын талқылайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Полицейлер Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаушыны «ізін суытпай» ұстады

7 января, 2021
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

14 декабря, 2020
Алматыда көліктен қару табылды

Алматыда көліктен қару табылды

22 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.