---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/07/exit-poll-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btardy%d2%a3-718-y-aes-ti-%d2%9boldap-dauys-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Exit-poll: қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді

![Exit-poll: қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-06-at-09-19-13-1100x619-1.jpeg)

**2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында exit-poll – дауыс беру учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының және «Республикалық референдум туралы» Заңының талаптарына сәйкес біздің Институт экзитпол жүргізу ниеті туралы Орталық референдум комиссиясын хабардар етті.

Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған интервьюерлермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.

Экзитпол таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізілді, барлығы 6 өлшем ұйымдастырылды. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 11.00-де, 13.00-де, 16.00-де, 19.00-де және сағат 21.00-де жасалды.

Учаскелерден шыға берісте респонденттерге «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды.

Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің **71,8%-ы «Иә, келісемін»** деп жауап берді; **28,2%%-ы «Жоқ, келіспеймін»** жауабын таңдады.

*Фото: Акимат Алматы*

---

Жарияланды: 2024-10-07T04:43:42+06:00

Жаңартылды: 2024-10-07T09:34:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/07/exit-poll-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btardy%d2%a3-718-y-aes-ti-%d2%9boldap-dauys-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.