---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/animatorlar-akva-grim-men-foto-d%d2%af%d2%a3girshik-ma%d2%a3%d2%93ystauda-referendum-k%d2%afni-ojyn-sauy%d2%9b-is-sharalary-%d2%b1jymdastyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Аниматорлар, аква-грим мен фото-дүңгіршік: Маңғыстауда референдум күні    ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды

![Аниматорлар, аква-грим мен фото-дүңгіршік: Маңғыстауда референдум күні    ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/1ae46d45-270c-4d0d-8cf9-f079e5805c33.jpeg)

Маңғыстау облысында Референдум күні сайлау учаскелерінде балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

-Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи күн. Тәуелсіз ел тарихында АЭС құрылысы жөнінде таңдау халық талқысына түсуде. Мен бүгін 6 жасар баламды ертіп келген едім. Сыртта ұйымдастырылған ойындар балалардың көңілін аулап, алаңдамай, еркін таңдау жасауыма мүмкіндік тудырды,-дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Ойын-сауық бағдарламасы саяси науқан барысында сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Аниматорлар балақайлармен билеп, түрлі түсті бояулармен бүлдіршіндер бетін әрлейді.

Сондай-ақ Ақтау аумағында сайлау учаскелерінде орнатылған фото-дүңгіршіктер сайлаушылардың қызығушылығын тудырды. Тарихи датада таңдауын жасауға келген азаматтар естелік суретке түсіп, елеулі күнді еске қалардай өткізу мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ әр алуан ойындар мен шығармашылық конкурстар ересектермен еріп келген елгезек балалардың айтулы күнді қуанышпен еске алуына септеседі.

Саяси науқан күні халық мерейін асыратын   ойын-сауық бағдарламасы жеке кәсіпкерлердің азаматтық бастамасы екенін атап өткен жөн. Олар халықтың ел ертеңіне деген сенімін нығайтататын референдумның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етуге ниетті.

---

Жарияланды: 2024-10-06T10:49:26+06:00

Жаңартылды: 2024-10-06T10:49:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/animatorlar-akva-grim-men-foto-d%d2%af%d2%a3girshik-ma%d2%a3%d2%93ystauda-referendum-k%d2%afni-ojyn-sauy%d2%9b-is-sharalary-%d2%b1jymdastyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.