Аниматорлар, аква-грим мен фото-дүңгіршік: Маңғыстауда референдум күні ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды

Аниматорлар, аква-грим мен фото-дүңгіршік: Маңғыстауда референдум күні    ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды

Маңғыстау облысында Референдум күні сайлау учаскелерінде балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

-Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи күн. Тәуелсіз ел тарихында АЭС құрылысы жөнінде таңдау халық талқысына түсуде. Мен бүгін 6 жасар баламды ертіп келген едім. Сыртта ұйымдастырылған ойындар балалардың көңілін аулап, алаңдамай, еркін таңдау жасауыма мүмкіндік тудырды,-дейді Ақтау қаласының  тұрғыны.

Ойын-сауық бағдарламасы саяси науқан барысында сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Аниматорлар балақайлармен билеп, түрлі түсті бояулармен бүлдіршіндер бетін әрлейді.

Сондай-ақ Ақтау аумағында сайлау учаскелерінде орнатылған фото-дүңгіршіктер сайлаушылардың қызығушылығын тудырды. Тарихи датада таңдауын жасауға келген азаматтар естелік суретке түсіп, елеулі күнді еске қалардай өткізу мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ әр алуан ойындар мен шығармашылық конкурстар ересектермен еріп келген елгезек балалардың  айтулы күнді қуанышпен еске алуына септеседі.

Саяси науқан күні халық мерейін асыратын    ойын-сауық бағдарламасы жеке кәсіпкерлердің  азаматтық бастамасы екенін атап өткен жөн. Олар халықтың ел ертеңіне деген сенімін нығайтататын референдумның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етуге ниетті.