---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/almatyly%d2%9b-zhastar-referendum%d2%93a-belsendi-%d2%9batysuda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда

![Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/373fd0d0-d1e2-4e2d-9c70-d9c42624579d.jpeg)

Алматыда сайлауучаскелерінде жастардың көптеп келіп жатқаны анық байқалады. Олар үшін бұл тек өз азаматтық міндеттерін орындау ғана емес, сонымен қатар ел болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігіболып отыр. Әсіресе,еліміздеАЭСсалынуы жастардың назарынан тыс қалмады. Көптеген жастар бұл шешімнің тек энергетика саласы үшін ғана емес, елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін түсінеді.

«Мен үшін бұл тек дауыс беру емес, Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті сезіну,– деп атап өтті референдумға келген жас маман.

Жастардың пікірінше, дәл осындай сәттерде әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады. «Еліміздің болашағын біз, жастар, құра аламыз. Сондықтан референдумға келіп, өз пікірімізді білдіру – біздің міндетіміз», – деді студенттердің бірі. Сонымен қатар, кейбір жастар референдумға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті, бұл оларға ерекше тәжірибе мен жауапкершілік сезімін береді.

---

Жарияланды: 2024-10-06T13:34:56+06:00

Жаңартылды: 2024-10-06T14:14:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/almatyly%d2%9b-zhastar-referendum%d2%93a-belsendi-%d2%9batysuda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.