---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/aes-saludy-%d2%9boldau-zh%d3%a9nindegi-haly%d2%9bty%d2%9b-shtab-m%d2%afsheleri-belsendi-dauys-berude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері белсенді дауыс беруде

![АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері белсенді дауыс беруде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/img_5993.jpeg)

6 қазан.Бүгінде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері референдумда белсенді дауыс беруде.Осылайша, алты саяси партияныңжетекшілері–Штаб мүшелері өз дауысын берді.

Мәжіліс Спикері,«AMANAT»партиясының ТөрағасыЕрлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда. Ең бастысы, бұл шешімді халық қабылдап жатыр. Бұған дейін біз Конституциялық реформа қабылдадық. Оның басты мақсаты – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін біз соның нақты іске асқанын көріп отырмыз. Барлық аймақтағы азаматтарымыз өз даусын беріп жатыр. Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын»,–деді журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, АЭС құрылысы бойынша жалпыреспубликалық референдумда Қазақстан Халық партиясының төрағасыЕрмұхамет Ертісбаев Астанадағы М. Өтемісов атындағыОқушылар сарайында орналасқан елордалық учаскеде дауыс берді.

«Бұл референдум–Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл посткеңестік елдер үшін де өте маңызды оқиға. Халқымызға елдегі атом энергетикасы сияқты стратегиялық саланың ары қарайғы даму жолын өздері шешім қабылдай отырып айқындауға бірегей құқық берілді»,– деді ол.

Осы күні«Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы, Мәжіліс депутаты Азат ПеруашевАстана қаласындағы №66 мектеп ғимаратында орналасқан №165 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Қазақстандықтарды энергетикамыз бен тұтас экономикамыздың болашағына қатысты мұндай маңызды оқиғамен құттықтаймын: дамыған елдермен бірге технологиялық және прогрессшіл келешекке қатар барамыз ба, жоқ, әлде, тас-көмір дәуірінде қаламыз ба; бұл таңдауды Қазақстан халқының өзі жасайды»,– деді ол.

Осы учаскеде«Respublica»партиясының төрағасы, МәжілісдепутатыАйдарбек Қожаназаровта дауыс берді.

«Менің ойымша бүгін–еліміз үшін өте маңызды күн. Себебібізэкономикалықбағытта, Тәуелсіздік бағытында үлкен таңдау жасаймыз. Мемлекет басшысы әр қазақстандықтың пікірін ескеру үшін АЭС салу мәселесін референдумға шығарды»,– деді ол.

Сондай-ақ, жалпыреспубликалықплебисцитке«BAYTAQ»жасылдар партиясының төрағасыАзаматхан Әміртаев та қатысты. Ол№92 мектеп-лицейіндеорналасқан№53 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Ел ертеңіне әсер ететін шешімге үлес қосып, дауыс беру – азаматтық борышым»,–деді ол.

Ал«Ауыл»партиясының төрағасы, Мәжіліс депутатыСерік Егізбаевпартияластарыменбірге Көкшетау қаласындағы №22сайлау учаскесінде дауыс берді.

---

Жарияланды: 2024-10-06T12:35:13+06:00

Жаңартылды: 2024-10-06T12:35:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/06/aes-saludy-%d2%9boldau-zh%d3%a9nindegi-haly%d2%9bty%d2%9b-shtab-m%d2%afsheleri-belsendi-dauys-berude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.