Бағдарламаның мақсаты: 2027 жылға қарай қазақстандық өнім үлесін 50%-ға дейін ұлғайту
Airba Fresh компаниясы «Дала дамі» атты қазақстандық фермерлер мен азық-түлік өндірушілерді қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бағдарламаның мақсаты — жергілікті өндірісті қолдай отырып және жергілікті өнімдерді миллиондаған қазақстандықтар үшін қолжетімді ете отырып, Airba Fresh ассортиментіндегі қазақстандық өнімдердің үлесін 2027 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру.
«Дала дамі» бағдарламасы қазақстандық фермерлер мен өндірушілерге бірқатар маңызды артықшылықтар ұсынады. Олардың қатарына өндірістік процестерді жақсартуға, сертификаттаудан өтуге және өнім сапасының стандарттарын арттыруға көмектесетін тегін аудит және кәсіби кеңес беру кіреді. Бағдарламаға қатысушылар қаптаманың дизайнын жасаудан бастап жарнамалық науқандар мен промо-акцияларды өткізуге дейін — «Airba Fresh. Сүйіспеншілікпен жасалған» ЖСБ ассортименті аясында брендтеу және ілгерілету бойынша жәрдем алады.
Бағдарламаның тағы бір маңызды артықшылығы — қосымша шығындарсыз листингке кіру мүмкіндігі. Бұл дегеніміз — қазақстандық өндірушілер өз тауарларын Airba Fresh сөрелерінде орналастыру ақысын төлемей-ақ ұсына алатынын білдіреді. Өнімдер тек оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі негізінде таңдалады.
Сонымен қатар, Airba Fresh жаңа өнімдерді әзірлеуді белсенді түрде қолдайды, яғни бағдарлама қатысушыларына нарықтық деректер мен сұранысқа ие жаңалықтарды жасау үшін сараптама ұсынады. Бағдарлама сонымен қатар фермерлер мен өндірушілерге арналған тарату арналарын B2B-сегменті арқылы кеңейтеді, жеткізушілердің өнімдерін қазақстандық отбасылардың үстелдеріне ғана емес, мейрамханалар мен кафелерге де жеткізуге көмектеседі.
«Біздің басты міндетіміз — тамақтану мәдениетін жақсарту. Біз қазақстандық өндірістің сапалы өнімдері осы миссияны іске асырудың негізі деп санаймыз. Біз қазақстандық өндірістің 3140 өнімін тізімге қойдық және одан әрі өсуге үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. «Дала дамі» бағдарламасының іске қосылуымен біз жаңа серіктестерді тарта отырып, ауқымымызды кеңейтуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз», — деді Airba Fresh компаниясының негізін қалаушы және директоры Даниэль Ким.
Қазіргі уақытта Airba Fresh желісіндегі сатылым көшбасшылары — жергілікті өндірушілермен бірлесіп жасалған өнімдер, олардың арасында буратта және моцарелла ірімшіктері, сүт, сүзбе, фермерлік сиыр еті және жұмыртқа сияқты позициялар бар. «Дала дамі» бағдарламасы осы ассортиментті кеңейтуге және жаңа серіктестерге өз әлеуетін іске асыруға көмектесуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама сонымен қатар қазақстандық өнімдерді тұтынушылар арасында танымал әрі әйгілі ету үшін жұмыс істейді. Airba Fresh қосымшасында Қазақстанда өндірілген тауарлар арнайы белгілермен белгіленеді, ал әлеуметтік желілер және басқа арналар арқылы компания өндірушілердің тарихын және олардың табысқа жету жолын баяндайды.
«Дала дамі» бағдарламасы отандық фермерлерді қолдаудағы маңызды қадамға айналып, олардың бизнесіне жаңа көкжиектер ашып, миллиондаған адамдарға Қазақстанның сапалы өнімдерінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз