---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/02/serik-erubaev-m%d3%99zhilisti%d2%a3-za%d2%a3nama-komitetini%d2%a3-%d2%9b%d2%b1ramyna-sajlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Серік Ерубаев Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына сайланды

![Серік Ерубаев Мәжілістің Заңнама комитетінің құрамына сайланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/wce7albs.webp)

**Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, палатаның отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Осы орайда депутаттың өтінішін ескере отырып, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайлауды ұсынамыз», — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынысты қолдады.

*Фото: inbusiness.kz*

---

Жарияланды: 2024-10-02T07:13:44+06:00

Жаңартылды: 2024-10-02T07:13:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/02/serik-erubaev-m%d3%99zhilisti%d2%a3-za%d2%a3nama-komitetini%d2%a3-%d2%9b%d2%b1ramyna-sajlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.