Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, палатаның отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Осы орайда депутаттың өтінішін ескере отырып, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайлауды ұсынамыз», — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынысты қолдады.
Фото: inbusiness.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз