Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өту немесе баламалы бағыттарды таңдау, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады», — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз