---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/01/%d2%9baza%d2%9bstan-respublikasy-czifrly%d2%9b-damu-innovacziyalar-zh%d3%99ne-aero%d2%93arysh-%d3%a9nerk%d3%99sibi-ministri-bejzhi%d2%a3degi-huawei-%d2%93ylymi-zertteu-ortaly%d2%93yna/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейжіңдегі Huawei ғылыми-зерттеу орталығына барды.

![Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейжіңдегі Huawei ғылыми-зерттеу орталығына барды.](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/foto-2-scaled.jpeg)

Қазақстан делегациясының Қытайға сапарының іскерлік бағдарламасы аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Бейжіңдегі Huawei ғылыми-зерттеу орталығына ресми сапармен барып, Huawei компаниясының вице-президенті және халықаралық үкіметтік байланыстар жөніндегі президенті Тонни Баомен кездесті.

Кездесу барысында Жаслан Мадиев пен Тонни Бао цифрлық технологиялар мен цифрлық экономика саласындағы соңғы үрдістер мен мүмкіндіктерді талқылады.

> «Жасанды интеллектті, бұлттық технологияларды және басқа да озық шешімдерді дамыту – біздің цифрлық трансформациямыздың басым бағыттары болып табылады. Бүгін талқылаған жобалар елімізде аталған цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған үлкен әлеуетті көрсетіп отыр. Әлемнің алпауыт технологиялық компаниялармен ынтымақтастық бізге ақылды қалалар құруға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», — деп түйіндеді Жаслан Мадиев.

Huawei компаниясы Қазақстанда 26 жыл бойы жұмыс істеп келеді және Қазақстанның аймақтық цифрлық орталық құру бағытындағы тұрақты дамуына ықпал ете отырып, сенімді ұзақ мерзімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

---

Жарияланды: 2024-10-01T09:45:09+06:00

Жаңартылды: 2024-10-01T12:38:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/), [Технология](https://qazaqpress.kz/category/tehnologiya/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/01/%d2%9baza%d2%9bstan-respublikasy-czifrly%d2%9b-damu-innovacziyalar-zh%d3%99ne-aero%d2%93arysh-%d3%a9nerk%d3%99sibi-ministri-bejzhi%d2%a3degi-huawei-%d2%93ylymi-zertteu-ortaly%d2%93yna/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.