---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/27/indrive-almatyda%d2%93y-e%d2%a3-belsendi-zh%d2%afrgizushilerdi-marapattady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# inDrive Алматыдағы ең белсенді жүргізушілерді марапаттады

![inDrive Алматыдағы ең белсенді жүргізушілерді марапаттады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/photo_5452034376511645511_w.jpg)

Алматыда көлік және қалалық қызметтерді ұсынатын жаһандық платформа inDrive ең үздік жүргізушілерімен кездесу өткізді. Іс-шараға қала ішінде биылғы жылы ең көп сапар жасаған 10 жүргізуші шақырылды.

Платформаның серіктес жүргізушілері компанияның кеңсесіне шақырылып, сервисті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтылды. Жеңімпаздарға жүргізушінің аты жазылған, арнайы тапсырыспен дайындалған көлік нөмірлері, жанармай карталары және басқа да сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, жүргізушілер арасында жол қауіпсіздігі мен қызмет сапасы тақырыбында дәстүрлі викторина ұйымдастырылды.

> Компанияның баспасөз қызметі:*«Бүгінгі күні біздің компания серіктестерімен бірлескен жұмыстың бірыңғай тәсілін әзірлеп жатыр. Бұл тәсіл жүргізушілерге тұрақты табыс әкелетін платформаның тиімділігін арттырып қана қоймай, серіктестермен ашық диалог орнатуды да қамтиды»*, — деп атап өтті.

---

Жарияланды: 2024-09-27T08:14:28+06:00

Жаңартылды: 2024-09-27T08:14:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/27/indrive-almatyda%d2%93y-e%d2%a3-belsendi-zh%d2%afrgizushilerdi-marapattady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.