---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/27/almaty-%d3%a9skemen-taszholynda-k%d3%a9lik-audarylyp-eki-adam-%d2%9baza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

![«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/istockphoto-1174989977-612x612-1.jpg)

**«Алматы-Өскемен» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Estima жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

> «Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», — деп жазды полиция департаментінен.

*Фото: Getty Images*

---

Жарияланды: 2024-09-27T04:41:03+06:00

Жаңартылды: 2024-09-27T04:41:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/27/almaty-%d3%a9skemen-taszholynda-k%d3%a9lik-audarylyp-eki-adam-%d2%9baza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.