---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/26/zho%d2%93ar%d2%93y-sot-mektepterde-oramal-ta%d2%93u%d2%93a-salyn%d2%93an-tyjym-zhojyl%d2%93an-zho%d2%9b/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жоғарғы сот: мектептерде орамал тағуға салынған тыйым жойылған жоқ

![Жоғарғы сот: мектептерде орамал тағуға салынған тыйым жойылған жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/aida-balaeva-prokommentirovala-vopros-nosheniya-platka-v-shkolah-bizmedia.kz_.jpg)

**ҚР Жоғарғы соты мектепте қыз балаларға орамал тағуға салынған тыйым алынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.
> 
> 
> 
> 
> Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.
> 
> 
> 
> 
> Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
> 
> 
> 
> 
> Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот баспасөз қызметі ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін атап өткен.

Бұл ретте еліміздегі ең жоғарғы сот органы ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

*Фото: CC0/ree pilots.*

---

Жарияланды: 2024-09-26T07:50:20+06:00

Жаңартылды: 2024-09-26T07:50:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/26/zho%d2%93ar%d2%93y-sot-mektepterde-oramal-ta%d2%93u%d2%93a-salyn%d2%93an-tyjym-zhojyl%d2%93an-zho%d2%9b/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.