Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматыда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылауда

admin by admin
26 сентября, 2024
Жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматыда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылауда

Бүгін Алматыда Қазақстанның, АҚШ, Түркияның және Швейцарияның кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші сарапшыларының қатысуымен «Үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Іс-шараны Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, «University Medical Center» корпоративтік қоры және Қазақстан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі қоғамы ұйымдастырды.

Байланысты

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов құттықтау сөз сөйледі.

Марат Шоранов өз сөзінде «Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі проблемасы денсаулық сақтау жүйесі мен жалпы қоғам үшін аса маңызды болып отыр. Пациенттердің осы контингентін ауруханаға жатқызудың жиілігі, өлім-жітім санының артуы, емдеу мен оңалтуға кететін қомақты шығындар денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық әкеледі», — деп атап өтті.

«Үдемелі жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа дәрі-дәрмектер, инновациялық технологиялар, имплантация құрылғылары пайда болды, жүрек трансплантациясы даму үстінде. Алайда, біздің алдымызға ерте сатысында диагностика жасау, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің болжамын жақсарту үшін жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды енгізу сияқты маңызды мәселелер тұр», — деді Марат Едігеұлы.

КІАҒЗИ бірінші басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі — жүрек-қан тамырлары ауруларының жиі кездесетін асқынуларының бірі, сонымен қатар өмір сапасының төмендеуінің және өлім-жітім санының артуының басты себептерінің бірі. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған конференция аса өзекті болып табылады. Қазақстандық және шетелдік кардиология және кардиохирургия мамандарының СЖЖ бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудегі өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасуы біздің пациенттеріміздің өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға, науқастарға көмек көрсету жүйесін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

UMC Басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова үдемелі жүрек жеткіліксіздігі бойынша жұмыс тобы Пациенттерді басқарудың бірыңғай бағдарламасы мен клиникалық хаттамасы әзірлегенін, Қан айналымын механикалық қамтамасыз ету бойынша науқастардың бірыңғай тізілімі жасалғанын, Имплантацияланған құрылғысы бар науқастардың бірыңғай күту жүйесі құрылып жатқанын айтты. «Бұл шаралардың барлығы заманауи стандарттар мен озық клиникалық тәжірибелерді ескере отырып, пациенттерге күтім көрсетуді оңтайландыруға және емдеу нәтижелерін жақсартуға бағытталған», — деді дәрігер.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Конференция аясында секциялық отырыстар өтуде, онда қатысушылар LVAD имплантациясына пациенттерді қалай іріктелетіндігін айтып, Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында имплантация жасау тәжірибесімен бөлісті (LVAD тек осы қалаларда жасалады), операциядан кейінгі кезеңнің негізгі ерекшеліктерін, амбулаториялық жағдайда пациенттерді бақылау мәселелерін, сондай-ақ LVAD имплантациясынан кейін пациенттерге күтім жасаудағы мейіргерлердің рөлі және т.б. мәселелерді талқылады.

Конференция жұмысына қатысқан қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ертең Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерге кеңес беру, LVAD механикалық құрылғысын және Мitraclip имплантациялау операциялары бойынша шеберлік кластар өтеді. Mitraclip — бұл операция Алматыда алғаш рет профессор Maurizio Taramasso (Цюрих, Швейцария) басшылығымен жүргізіледі. Бұл MitraСlip жүйесінің көмегімен митральды қақпақшаның эндоваскулярлық клиптеу. MitraClip ашық хирургиялық операция жасауға болмайтын пациенттерге жүрек жұмысын жақсартудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Бұл аз инвазивті процедураны қолдану пациенттің қалпына келу кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді, науқастың жағдайының жақсаруы анестезиядан шыққаннан кейін бірден сезіледі. Науқастар тез жазылады. Олардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, ентігу азаяды, жаттығуларға төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді. Айта кету керек, 2020 жылы MitraClip құрылғысы ең жақсы медициналық технология ретінде Рrix Galien USA (Нобель сыйлығының баламасы) сыйлығымен марапатталды.

LVAD имплантациялау операциясы Анкара (Түркия) профессоры Umit Kervan қатысуымен СЖЖ диагнозымен жүрек қызметі төмендеген 51 жастағы пациентке жасалады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жоғарғы сот: мектептерде орамал тағуға салынған тыйым жойылған жоқ

Келесі жаңалық

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Денсаулық

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

4 февраля, 2026
Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді
Денсаулық

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

3 февраля, 2026
Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды
Денсаулық

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

17 января, 2026
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Денсаулық

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16 января, 2026
Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді
Денсаулық

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

16 января, 2026
Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы
Денсаулық

Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы

15 января, 2026
Келесі жаңалық
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Бекшиннің кеңсесінде шу шығарған блогерлер екінші рет ғимаратқа кіре алмады

Бекшиннің кеңсесінде шу шығарған блогерлер екінші рет ғимаратқа кіре алмады

18 апреля, 2021
Коронавирусты Қазақстанда бір тәулікте қанша адам жұқтырды

Коронавирусты Қазақстанда бір тәулікте қанша адам жұқтырды

26 апреля, 2023
Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.