---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/26/%d2%9bazposhtany%d2%a3-2-kassiri-saly%d2%9b-%d2%9barzhysyn-zhym%d2%9byr%d2%93an/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазпоштаның 2 кассирі салық қаржысын жымқырған

![Қазпоштаның 2 кассирі салық қаржысын жымқырған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/1696518183546.jpg)

**Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері і анықталды.

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

*Фото: astanatv.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-26T06:53:33+06:00

Жаңартылды: 2024-09-26T06:53:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/26/%d2%9bazposhtany%d2%a3-2-kassiri-saly%d2%9b-%d2%9barzhysyn-zhym%d2%9byr%d2%93an/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.