---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/25/biyl-sharualar%d2%93a-11-mlrd-tekshe-metr-su-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Биыл шаруаларға 11 млрд текше метр су берілді

![Биыл шаруаларға 11 млрд текше метр су берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/1707727894.jpg)

**Биыл еліміздегі су қоймаларына барынша көп көлемде су жіберілді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Елімізде 1 сәуірде басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасатын суару маусымы аяқталуға жақын. Құрғақшылық туралы көптеген болжамға қарамастан, Су ресурстары және ирригация министрлігі төтенше жағдайдың, суармалы су тапшылығының алдын алып, былтырғы жағдайдан кейін жинаған тәжірибенің нәтижесінде шаруаларды сумен үздіксіз қамтамасыз еткенін атап өткім келеді. Суару маусымында шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Қазсушар» филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт бекітті», — деді М. Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол су тұтыну көрсеткіші жоғары аймақтарға тоқталды. Қызылорда облысына – 3,5 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,2 млрд текше метрден артық, Жетісу облысына – 1,2 млрд және Жамбыл облысына 1 млрд текше метрден астам су берілді.

Оның айтуынша, жұмыс негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілді. Біріншіден, су тасқыны кезінде су қоймаларын толтыру мақсаты қойылды. Кейінгі бірнеше жылда алғаш рет, тіпті кейбір нысандарды пайдалану тарихында бірінші рет су қоймалары 100%-ға толтырылды. Екіншіден, су дипломатиясына ерекше екіпін қойылды. Бұл тұрғыда географиялық орналасуымызға байланысты еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз етуде көрші елдермен келіссөздер мен келісімдер жалғасты. Үшіншіден, гидроқұрылыстар дайындалды, яғни жөндеу жұмыстары, реконструкциялау, каналдарды тазарту, ирригациялық желілерді дайындау және басқа да жұмыстар ұйымдастырылды.

*Фото: Depositphotos*

 

---

Жарияланды: 2024-09-25T07:51:36+06:00

Жаңартылды: 2024-09-25T07:51:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/25/biyl-sharualar%d2%93a-11-mlrd-tekshe-metr-su-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.