---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/25/%d2%9br-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9bauipsizdik-komiteti-t%d3%a9ra%d2%93asyny%d2%a3-zha%d2%a3a-orynbasary-ta%d2%93ajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

![ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/9929525_0_107_2048_1259_1920x0_80_0_0_200a235b91d211a2cd66b3ab72b18155.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Сарқұловты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Тиісті құжат 2024 жылғы 25 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.

> Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының жаңа орынбасарлары болып тағайындағаны белгілі болды:

- Марат Жұмабаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры;
- Алмас Наймантаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Еске салайық, Асқар Әмерханов 2023 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болды. 2024 жылы 16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.

*Фото: Akorda.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-25T08:01:01+06:00

Жаңартылды: 2024-09-25T08:01:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/25/%d2%9br-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9bauipsizdik-komiteti-t%d3%a9ra%d2%93asyny%d2%a3-zha%d2%a3a-orynbasary-ta%d2%93ajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.