---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/23/a%d2%9btauda-aralas-zhekpe-zhek-sheberini%d2%a3-m%d3%99jiti-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

![Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/66f0832f65bd1447830842.jpeg)

**Ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

[Lada.kz ](https://www.lada.kz/aktau_news/incidents/128532-trup-byvshego-boitsa-mma-obnaruzhili-v-aktau.htm)тілшісінің мәліметінше, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері.

WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

> -Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, — делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Фото: Lada.kz

---

Жарияланды: 2024-09-23T05:50:03+06:00

Жаңартылды: 2024-09-23T05:50:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/23/a%d2%9btauda-aralas-zhekpe-zhek-sheberini%d2%a3-m%d3%99jiti-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.