---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/23/%d3%a9skemende-policziya-%d2%9byzmetkeri-%d2%9ba%d2%93yp-ketken-adam-k%d3%a9z-zh%d2%b1mdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды

![Өскеменде полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/breakdown-984812_1280.jpg)

**Өскемен қаласында полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болған.

> «Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

*Фото: pixabay.com*

---

Жарияланды: 2024-09-23T05:58:21+06:00

Жаңартылды: 2024-09-23T05:58:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/23/%d3%a9skemende-policziya-%d2%9byzmetkeri-%d2%9ba%d2%93yp-ketken-adam-k%d3%a9z-zh%d2%b1mdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.