---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/22/senat-deputattary-aes-%d2%9b%d2%b1rylysy-zhajly-ma%d2%a3%d2%93ystauly%d2%9b-%d2%9b%d2%b1rylysshylar%d2%93a-t%d2%afsindirme-zh%d2%b1mystaryn-zh%d2%afrgizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сенат депутаттары АЭС құрылысы жайлы маңғыстаулық құрылысшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

![Сенат депутаттары АЭС құрылысы жайлы маңғыстаулық құрылысшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/0863c00d-6158-4cbe-a6a0-121f8db6d400.jpeg)

Маңғыстауға іс-сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Оңдасын-Строй» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, оларға АЭС құрылысы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров құрылысшылардың АЭС-ке байланысты қойылған көкейкесті басты 2 сұрағын атап өтті.

-АЭС құрылысына қатысты қызметкерлердің көкейінде жүрген алғашқы сұрақ — қауіпсіздігі, екіншісі — орналасатын аумағы. Біз бүгінгі жиналыста қай жерде салынуы мүмкін екендігін ашық айттық. Соның ішінде Алматы облысы, Балқаш көлінің іргесінде салынады деген жоспар бар. Біз АЭС әлеуеті жайлы құрылысшыларға қажетті деңгейде мәлімет бере алдық деп ойлаймын. Алда әлі бірнеше компания өкілдерімен кездесу ойда бар, — деді Бекбол Орынбасаров.

Жиында болған құрылысшылардың бірі Еркін Қайдаров АЭС құрылысы жайлы бүгінгі кездесуден толыққанды ақпарат алғанын жеткізді.

-Бүгінгі Сенат депутаттары өткізген кездесуда бірнеше сауалға жауап алдық. Барлық деректерді саралай келе еліміз үшін АЭС-тің мүмкіндігі орасан зор деген шешімге келдім. Сол себепті, болашақта бұл нысан салынуы керек. Баршамыз 6 қазан күні референдумға барып, дауыс беретін боламыз, — деді Еркін Қайдаров.

---

Жарияланды: 2024-09-22T12:18:36+06:00

Жаңартылды: 2024-09-22T12:18:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/22/senat-deputattary-aes-%d2%9b%d2%b1rylysy-zhajly-ma%d2%a3%d2%93ystauly%d2%9b-%d2%9b%d2%b1rylysshylar%d2%93a-t%d2%afsindirme-zh%d2%b1mystaryn-zh%d2%afrgizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.