Қазақстандағы 5G желісінің қазіргі жай-күйі, технологияның перспективалары, сондай-ақ мобильді операторлар базасында цифрлық қаржылық сервистерді дамыту мүмкіндігі осы және басқа да мәселелер бүгін Алматыда Eurasian Mobile Summit 2024 аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы 5G: ағымдағы жетістіктер мен сын-тегеуріндер» панельдік сессиясында айтылды.
Қатысушылар ұялы байланыстың бесінші буынын енгізу байланыс сапасын жақсартып, бизнес пен қоғамның дамуына қалай ықпал ететінін айтты. Инфрақұрылымды жаңарту қажеттілігі заңнамалық нормаларды жетілдіру сияқты өзекті сын-тегеуріндерді талқылай отырып, сессияға қатысушылар мемлекеттік және бизнес-сектор арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аталған технологияны табысты енгізудің негізгі бағыты болады деген қорытындыға келді.
«Шын мәнінде «Кселл» желісінде 5G технологиясында мыңдаған базалық станция жұмыс істеуде. Лицензиялық міндеттемелер бойынша компания оларды асыра орындады. Атырау, Орал, Қызылорда қалаларында лицензиялық міндеттемелер 150%- ға артық орындалды. Ақтөбеде ғана 40 5G базалық станциясы жұмыс істеуде және желі құрылысы бойынша жұмыстар мерзімінен бұрын жүріп жатыр. Біз бұл технологияны дамыту қажеттігін көріп отырмыз. Мәселен, Шымкентте 240 базалық станция орнаттық. Бүкіл қалада 5G жабыны бар. Өңір осы технологияны пайдалану жағынан ең белсенді болып шықты. Бұл жиынтық нәтиже. Халық тығыздығы да, жергілікті атқарушы органдардың көмегі де, нарық қажеттілігі де әсер етті», — деді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы, бас атқарушы директоры Аскар Жамбакин.
5G технологиясын енгізу мобильді операторлар үшін, әсіресе ол қолданыстағы 2G, 3G және 4G желілерімен қатар салынатын кезде жоғары шығындармен ұштасқан. Операторлар бір уақытта көптеген технологияларды қолдауға мәжбүр, бұл қомақты қаржылық және адам ресурстарын талап етеді. Бұл инфрақұрылымды жаңарту, ескі желілерге қызмет көрсету және байланыстың әртүрлі стандарттары арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін қамтиды.
Осы факторлардың әрқайсысы жалпы операциялық шығыстарды ұлғайтады, ал бұл 5G желілерін тиімді өрістетуді қиындатуы мүмкін. Оның үстіне, ескірген жүйелерді жаңалау қажеттілігі назар мен инвестицияларды жаңа шешімдерді әзірлеу мен енгізуден алшақтатады.
«Клиенттік мінез-құлық тұрғысынан алғанда, бүгінгі таңда 5G-ready-девайстары бар адамдардың осы технологияға көшуі маңызды. Мұндай кезде 4G желілері 14% босатылса, онда жылдамдық ондаған есеге артатынын көріп отырмыз. Ал 5G көбінесе адамдар телефондарына бұл опцияны қоспағандықтан жүктемесі аз болып қалуда. Дегенмен, ауыр контентті жүктеу қажет болса немесе тез жүктеуді талап ететін live-стримдер үшін бұл технология ыңғайлы. Қыркүйек айынан бастап біз 5G желісін пайдалану шектелмеген «Студенттік» тарифін іске қостық, өйткені студенттер — интернеттің ең белсенді пайдаланушылары, бұл олар үшін жақсы бағамен және жоғары жылдамдықпен лимитсіз тарифті сатып алуға жақсы мүмкіндік», — деді Аскар Жамбакин.
«Кселл» мәліметінше, клиенттік базаның 50% -дан астамы 5G-девайстарды пайдаланады және көпшіліктің бұл технология батареяның қуатын төмендетеді деген қаупін компания басшысы сейілтті.
«5G жабыны кеңейген сайын, телефон осы желіні іздеуге өзінің энергия ресурстарын азырақ жұмсайды», — деп түсіндірді «Кселл» басшысы.
Сингапурдың мысалында қатысушылар 5G-дің түрлі қалалық инфрақұрылымдардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажет жоғары жылдамдықты және аз кідірілуін ұсына отырып, «ақылды» қалалардың дамуына қалай әсер ететінін талқылады. Онда 5G арқылы «ақылды» жарықтандыру, трафикті басқару, қоршаған ортаға мониторинг жүргізу үшін шешімдерді біріктіріп, IoT құрылғыларын және басқа да жүйелерді енгізді. Сондықтан болашақта технология базалық интернет-сёрфингке қарағанда әлдеқайда көбірек бағытқа ие.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз