---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/20/a%d2%9bmola-oblysynda-11-synyp-o%d2%9bushysy-saba%d2%9b%d2%9ba-barmaj-shahtadan-altyn-izdegen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында 11 сынып оқушысы сабаққа бармай шахтадан алтын іздеген

![Ақмола облысында 11 сынып оқушысы сабаққа бармай шахтадан алтын іздеген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/1200xauto_1o7u4dyvc6dhdzdtpx4h8fptzy0nfldspelqfbrh.jpg)

**Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы жасөспірім Бестөбе шахтасынан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте Степногор қалалық полиция басқармасына 17 жастағы жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабар түскен.

11-сынып оқушысының сабақты себепсіз босатқанына мұғалімдер дабыл қаққан.

> «Оқушы 13 қыркүйектен бері мектепке бармаған. Жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған жасөспірімнің ата-анасы, жақын туыстары мен таныстары, достары анықталып, сұрастырылды. Нәтижесінде жасөспірімнің Бестөбе кенті аумағындағы шахтаға түскені анықталды. Бала шахтадан шығарылып, туыстарына аман-есен тапсырылды», — деді ведомстводан.

Баланың сөзінше, ол шахтаға алтын іздеуге түскен.

> «Полиция жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларының орналасқан жерін бақылауды және қауіпсіздік мәселесін жіті назарда ұстау қажеттігін еске салады.

*Фото: altynalmas.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-20T05:07:02+06:00

Жаңартылды: 2024-09-20T05:07:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/20/a%d2%9bmola-oblysynda-11-synyp-o%d2%9bushysy-saba%d2%9b%d2%9ba-barmaj-shahtadan-altyn-izdegen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.