---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/19/flyarystan-aviacziyaly%d2%9b-%d2%9bauipsizdikti%d2%a3-altyn-erezhelerimen-b%d3%a9listi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan «Авиациялық қауіпсіздіктің алтын ережелерімен» бөлісті

![FlyArystan «Авиациялық қауіпсіздіктің алтын ережелерімен» бөлісті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/photo-2024-09-19-10-45-31.jpg)

**FlyArystan қазақстандық лоукостері жолаушылар мен авиация қызметкерлерін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес қабылданған «Авиациялық қауіпсіздіктің алтын ережелерін» сақтаудың маңыздылығына назар аударуға шақырады.**

Әуежайда және ұшақ бортында қауіпсіздік аса маңызды болып табылатын қазіргі әлем жағдайында белгіленген нормалар мен ұсынымдарды сақтау қолайлы әрі сәтті саяхаттың кепіліне айналады. Әуекомпаниясы өз жолаушылары мен қызметкерлеріне сақ болуды және күдікті әрекеттер, қауіпсіздікті тексеру рәсімдеріне негізсіз қызығушылық байқалғаны, қараусыз қалған заттар туралы жедел хабарлауды ұсынады.

Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік ережелері жолаушыларды қауіпті әрекеттерге жол бермеуге, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға, бөгде адамдардан сәлемдеме қабылдамауға және түсініспеушілік тудыруы мүмкін ақпаратты, тіпті, қалжың түрінде таратпауға шақырады. Тыйым салынған орындарда түсірілім жүргізуге, тексеруден жалтаруға, рұқсат етілмеген орындарға заңсыз кіруге, бөгде заттарды қабылдауға және қызметтік лауазымын негізсіз пайдалануға жол берілмейді. Жолаушыларға қолжүгі мен жолжүгін алдын-ала өзі жинауға, рейске уақытында келуге, сондай-ақ, әуебилетін сатып алу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберілген ережелерді қатаң сақтау ұсынылады.

FlyArystan сенімді және жайлы әуе тасымалдарын ұсынып қана қоймай, өз жолаушыларының қауіпсіздігін барынша жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ұмтылады.

---

Жарияланды: 2024-09-19T05:58:36+06:00

Жаңартылды: 2024-09-19T05:58:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/19/flyarystan-aviacziyaly%d2%9b-%d2%9bauipsizdikti%d2%a3-altyn-erezhelerimen-b%d3%a9listi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.