---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/ma%d2%a3%d2%93ystau-oblysyny%d2%a3-professory-%d2%9baza%d2%9bstan-k%d3%a9mirtek-t%d2%b1r%d2%93ysynan-bejtarap-memleketter-%d2%9bataryna-enui-tiis/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстау облысының профессоры: Қазақстан  көміртек тұрғысынан бейтарап мемлекеттер қатарына енуі тиіс

![Маңғыстау облысының профессоры: Қазақстан  көміртек тұрғысынан бейтарап мемлекеттер қатарына енуі тиіс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/photo-2024-09-18-16-16-29-scaled.jpg)

**«Yessenov» университетінің президенті және техника ғылымдарының кандидаты, профессор — АЭС құрылысын қолдау бойынша Халықтық штаб мүшесі Берік Ахметов атом энергетикасын қолдану еліміз бойынша энергия тапшылығын жоюға септесетінін айтты.**

*«Баршаға мәлім халық тығыз қоныстанған Оңтүстік аймақта қуат көзінің жеткіліксіздігі айқын білінеді. АЭС салу арқылы электр қуатының сыртқы тасымалына тосқауыл қоямыз.*

*Сонымен қатар, атом қуатын халық қажетіне жарату қоршаған ортаға залалы мол көмір электр станцияларының санын, сәйкесінше ықпалын азайтуға сеп болады.*

*Өңірлік штабтың мүшесі ретінде әріптестер және студенттермен АЭС артықшылықтыры жөнінде өзара пікір алмастық. Менің ойымша, АЭС сынды өте ауқымды тақырыпты университет қабырғасынан бастап талқыға салу қажет. Сондай-ақ, АЭС жасыл қуат көзі ретінде жаһандық экожүйеге кері әсер етпейді. Халықаралық келісімдерге сәйкес ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мен химиялық элементтердің үлесін азайтады. АЭС-тің негізгі артықшылықтары көп. Ел экономикасына елеулі әсер етіп, тың өзгерістер алып келетіні сөзсіз. Экологиялық ахуал халықты алаңдататын басты мәселе.*

*Сондықтан халық қоршаған ортаға қауіпсіздігін ескеруі тиіс. Референдумға қатысу бір жағынан қоғамның белсенділігін көрсетеді. Бүгінгі күні халық мемлекеттік деңгейдегі мәселелер мен саяси шешімдерге араласа білетіндігін көрсеткен жөн,- деді Берік Ахметов.*

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/09/photo-2024-09-18-16-16-29-1-300x169.jpg)

---

Жарияланды: 2024-09-18T11:28:45+06:00

Жаңартылды: 2024-09-18T11:28:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/ma%d2%a3%d2%93ystau-oblysyny%d2%a3-professory-%d2%9baza%d2%9bstan-k%d3%a9mirtek-t%d2%b1r%d2%93ysynan-bejtarap-memleketter-%d2%9bataryna-enui-tiis/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.