Бұл біз көптен күткен стиль мен музыкалық-шығармашылық шабытты үйлестіретін коллаборация. Жеке коллекция Астанадағы Димаш Құдайбергеннің үлкен концертінде ұсынылып, сол мезетте сатылып кетті. Киімдер топтамасында футболкалар, худилер,лонгсливтер, шопперлер, бас киімдер мен танымал әнші бейнеленген капюшондар бар. Коллекцияның барлық дизайны әрдайым өзекті болып саналатын заманауи ақ-қара бояулы үндестікте жасалған. Коллекциядағы әрбір киім де Димаш орындайтын әндердің атауларымен сабақтастырылған: әр бұйым Димаштың әндері сияқты — Stranger, Be with me, Your love, Olimpico және әншінің басқа да шығармаларының аталымдармен аталады.
Коллекцияның ең ерекше бөлігі — қанаттары бар Димаш бейнеленген киім. Әнші Самұрық құсының бейнесінде көрінеді. Таң атып, Күн шұғыласы шексіз ұлы далаға жарқырап шыққан көк аспанда қалықтап ұшып жүрген еркіндікті сүйетін құс қазақтардың бостандықты сүйетін рухының, мемлекеттің күш-қуаты мен тәуелсіздігінің символы іспетті.
«Мен әрқашан өз тамырымды мақтан тұтатынмын және мен үшін Қазақстанымның мәдени мұрасын бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріммен бөлісу өте маңызды. Global Nomads—пен ынтымақтастық — бұл сән әлемі арқылы өзіміздің бірегейлігімізді білдіру«, — деді Димаш Құдайберген.
Үлкен концерт аясында Астанада әншінің Алматы клубындағы жанкүйерлерімен фотосессия өтті. Солардың бірі — ТМД Феникс Twitter dears фанклубының жетекшісі, алматылық Ксения ЗАБОЛОТНИКОВА:
— Мен төрт жылдан бері Димаштың жанкүйерімін. 2020 жылдан бастап сүйікті әншімнің жеті концертіне, соның ішінде шетелде өткен концертіне де қатыстым. Фотосессияда мен сыйлық ретінде Across endless dimensions деп жазылған футболка алдым. Мен Димаштың әдемі жаңа суреттері бар әйелдер комбинезоны мен денеге жапсыра киетін ұзын көйлекті алғым келеді! Жылы бас киіммен кию — тамаша идея. Мен әртүрлі нұсқалардың, әсіресе балаларға арналған киімдердің көбірек болғангын қалаймын. Димаштың шығармашылығын өте жақсы көремін, ол әндерді жоғары мәдениеттілікпен орындайды, тыңдаушыны музыка әлеміне тарта біледі, проблемалар мен күнделікті тіршіліктегі мазасыз сәттерді ұмыттырып жібереді. Димаш әдеттегі қарабайыр тіршілігіңнен айықтырып, таңғажайып қызықты өмірге жетелейді.
Тақырыпқа орай Инна АПЕНКО, Global Nomads брендінің негізін қалаушы:
— Біз Димаштың шығармашылығының жанкүйеріміз және өнер иесімен бірге бірлескен коллекцияны жасау бұрыннан келе жатқан арманымыз еді. Ең алдымен әншінің өзіне арналған концерттік бейнелерден бастадық. Ол бірінші кезекте брендтің сапасы мен серіктестік тәсілдерін тексеріп көрді, ал бір айдан кейін Астанада өтетін концертке арналған бірлескен сауданың арнайы топтамасын шығару туралы уағдаластық. Біз өз өніміміздің әлемдік жұлдыз деңгейіне сәйкес келуін мақсат еттік. Сондықтан барлық ұсақ—түйектер ойластырылды: әр киім дизайны, пайдаланылатын материалдар сапасы, тігісі, жасалуы, кестеленуі, тіпті үйлесімділік үшін арнайы шығарылған жапсырмалар мен пакеттердің түр-түсі — бәрі-бәрі мұқият ойластырылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз