---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/atyrauda-17-mekeme-86-zh%d2%b1mysshy%d2%93a-46-mln-te%d2%a3gege-zhuy%d2%9b-zhala%d2%9by-%d2%9baryz-bol%d2%93an/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда 17 мекеме 86 жұмысшыға 46 млн теңгеге жуық жалақы қарыз болған

![Атырауда 17 мекеме 86 жұмысшыға 46 млн теңгеге жуық жалақы қарыз болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/4d32cf44147f7fc433bb405abc63d473_original.231998.jpg)

**Атырау облысында 17 мекеменің 86 жұмысшыға 46 млн теңгеге жуық жалақы қарызы бары анықталған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кемел Иманғалиевтың айтуынша, еңбекақы мәселесіне байланысты арызданушылар көбейген.

> «Жыл басынан бері жоспардан тыс 105 тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 52 дерек анықталды. Заңсыздықты жою туралы 34 ұйғарым беріліп, 48 әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру қорытындысымен 17 мекеменің 86 жұмыскерге 46 млн теңгеге жуық жалақы берешегі бары анықталды. Осыған байланысты тиімді шаралар қабылданып, 14 мекемеде жұмыс істейтін 68 адамға 34,2 млн теңге жалақы берешегі өтелді. Жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды», — деді Кемел Иманғалиев.

Оның дерегіне сүйенсек, Атырау облысында жыл басынан бері еңбек заңдылығын бұзғандарға 9,8 млн теңге айыппұл салынған.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-18T09:17:49+06:00

Жаңартылды: 2024-09-18T09:20:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/atyrauda-17-mekeme-86-zh%d2%b1mysshy%d2%93a-46-mln-te%d2%a3gege-zhuy%d2%9b-zhala%d2%9by-%d2%9baryz-bol%d2%93an/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.