---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/almatyda-4-adam-respublikaly%d2%9b-referendum-turaly-za%d2%a3namany-b%d2%b1z%d2%93any-%d2%afshin-zhauap%d2%9ba-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 4 адам республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды

![Алматыда 4 адам республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/photo_5384393842805038260_y.webp)

**Алматыда 4 адам республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

*Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-18T05:20:09+06:00

Жаңартылды: 2024-09-18T05:20:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/almatyda-4-adam-respublikaly%d2%9b-referendum-turaly-za%d2%a3namany-b%d2%b1z%d2%93any-%d2%afshin-zhauap%d2%9ba-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.