---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-su-tas%d2%9byny-kezinde-zardap-shekkenderge-jusan-garant-41-mln-te%d2%a3ge-t%d3%a9ledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандағы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге Jusan Garant 41 млн. теңге төледі

![Қазақстандағы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге Jusan Garant 41 млн. теңге төледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-18-at-09.57.27.jpeg)

Jusan Garantкөктемгі су тасқыны кезінде мүлкі зардап шеккен Қазақстанның солтүстігіндегіжәнебатысындағытұрғындарына төлемдертөлеуді аяқтап қалды. Компанияға 18 өтінішкеліптүсті. Сақтандырушы 41 миллион теңге сомасына 14 сақтандыру жағдайы бойынша төлем жасады.

Бір жағдайда зардап шеккендер төлемнен бас тартты, олар әкімдіктен өтемақы алуды жөн көрді. Екіншісінде — залал 639 мың теңгені құрады және франшиза мөлшерінен аспағандықтан,ол төлемнен бас тартылды. Қалған екіөтінішбойыншаJusan Garantбағалау нәтижелерін күтуде.

Өтініштердің басым бөлігі Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келіп түсті. Негізінен,үйлерін су басқан клиенттер жүгінді. Су тасқыны кезінде зардап шеккенJusan Garantклиенттерінің барлық мүлкі аман қалды және қалпына келтірілді. Үйлерде көбінесе еденді, тұсқағазды, кіреберіс және ішкі есіктерді, қабырға бөлімдерін ауыстыру қажет болды.

«Сақтандыру төлемдері 200 мыңнан 8 миллион теңгеге дейінқұрады. Мұның бәрі су тасқынының мүлікке келтірген залал дәрежесіне және оны қалпына келтіру шығыстарына байланысты болды. Біз зардап шеккен мүлікті қарап шығу және залалдың мөлшерін бағалау мүмкіндігі пайда болған кезде,төлемдерді жедел жүргізуге тырыстық, үлкен су бір айдан астам уақытқа созылып, су басқан үйлерге қолжетімділікболмаған жағдайлардаболды», — дейді«Jusan Garant»Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рамазан Асылов.

Төлем кешіктірілген жекелеген жағдайлар,Петропавлқаласыныңтұрғынымен болған жайдағыдай,клиенттердің тәуелсіз сарапшылар бағалаған шығын мөлшерімен келіспеуіне байланыстыболды. Мамандарсақтандырылған тұрмыстық техникаменжиһаздыңзардап шеккенінесепке алмай, сақтандырылған адамның мүлкіне келтірілген залалдығанабағалаған. Қосымша тексеру жүргізіліп, бағалау туралы жаңа есеп жасалды. Қыркүйек айының басындаJusan Garantклиентке 5,1 млн.теңге төледі. Айтқандай, ол сақтандыру полисін бір жылға 162 мың теңгеге рәсімдеген болатын.

Jusan Garantмүліктік сақтандыру бойынша төлемдер бойынша қазақстандық сақтандыру компанияларыныңтоп үштігінекіреді: 2024 жылдың жеті айында сақтандырушы клиенттерге 1,2 млрд.теңге көлемінде залалды өтеді.

---

Жарияланды: 2024-09-18T08:19:22+06:00

Жаңартылды: 2024-09-18T08:19:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: [Jusan Garant](https://qazaqpress.kz/tag/jusan-garant/), [зардап шеккендер](https://qazaqpress.kz/tag/zardap-shekkender/), [мүліктік сақтандыру](https://qazaqpress.kz/tag/m%d2%afliktik-sa%d2%9btandyru/), [сақтандыру жағдайлары](https://qazaqpress.kz/tag/sa%d2%9btandyru-zha%d2%93dajlary/), [сақтандыру төлемдері](https://qazaqpress.kz/tag/sa%d2%9btandyru-t%d3%a9lemderi/), [су тасқыны](https://qazaqpress.kz/tag/su-tas%d2%9byny/), [су тасқынынан қорғау](https://qazaqpress.kz/tag/su-tas%d2%9bynynan-%d2%9bor%d2%93au/), [франшиза](https://qazaqpress.kz/tag/franshiza/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [өтемақы](https://qazaqpress.kz/tag/%d3%a9tema%d2%9by/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/18/%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-su-tas%d2%9byny-kezinde-zardap-shekkenderge-jusan-garant-41-mln-te%d2%a3ge-t%d3%a9ledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.