---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/17/arysta-%d3%99skeri-%d2%9byzmetshi-travmatikaly%d2%9b-%d2%9barudan-zhara%d2%9bat-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды

![Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/1719210063.jpg)

**Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметші травматикалық қарудан басынан жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болды. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

> «Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — делінген ақпаратта.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Kt.kz

---

Жарияланды: 2024-09-17T08:32:45+06:00

Жаңартылды: 2024-09-17T08:32:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/17/arysta-%d3%99skeri-%d2%9byzmetshi-travmatikaly%d2%9b-%d2%9barudan-zhara%d2%9bat-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.