---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/16/%d2%9br-%d2%b1%d2%9bk-t%d3%a9ra%d2%93asyny%d2%a3-eki-orynbasary-%d2%9byzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды

![ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/photo_486382.png.webp)

**Мемлекет басшысының өкім****імен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

**«Мемлекет басшысының өкімдерімен:**

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта.

**Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы** – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері

Білімі:** **ҚР ҰҚК Академиясы

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1997-2008 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2008-2023 жж. — ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды;

2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.

**Асқар Баймерденұлы Әмірханов** – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары — Сыртқы барлау қызметінің директоры, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері

Білімі: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1993 ж.).

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1995-2004 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2004-2022 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.

2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары — Сыртқы барлау қызметінің директоры.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-16T06:31:16+06:00

Жаңартылды: 2024-09-16T06:31:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/16/%d2%9br-%d2%b1%d2%9bk-t%d3%a9ra%d2%93asyny%d2%a3-eki-orynbasary-%d2%9byzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.