15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ұранымен Apple Fest фестивалі өтеді. Қала күнінде өтетін фестиваль сағат 10.00 — де басталып, 21.00-ге дейін жалғасады.
Apple Fest – 2024 тек ауқымды мәдени бағдарламамен ғана емес, сонымен қатар бірегей жетістіктермен де есте қалады. Мысалы, фестиваль тарихында алғаш рет 1 700 литр алма компоты қайнатылады, бұл іс-шара Гиннестің Рекордтар кітабына енеді. Компотты сатудан түскен қаражат қала саябақтары үшін құс үйлерін, қоректендіргіштерді, көшеттерді сатып алуға бағытталады. Apple Fest алаңына бау-бақшамен айналысатын елу жергілікті фермер 130 тоннадан астам алма әкеледі, соның ішінде танымал «апорт» сорты да мол болады.
Мерекеге орай саябақ аумағында Шапито циркі орнатылды, оның күмбезінің астында «Курьез» клоун квартеті, таяқтардағы эквилибр, Эфиопиядан Икар ойындарын паш ететін Қара бүркіттер командасы, акробаттар, арқанмен жүрушілер, сондай-ақ үйретілген тұлпарлар мен иттер өнер көрсетеді. Шапито циркіне құны 3000-4000 теңге болатын билеттерді саябақтағы цирк кассасынан немесе онлайн сатып алу сервистері арқылы алу қажет. Айта кетейік, Тұңғыш Президент саябағының аумағындағы Шапито өз жұмысын 25 қыркүйекке дейін жалғастырады. Ал, цирк қойылымдарынан өзге концерттер мен іс-шараларға тегін қатысып, тамашалауға болады.
Сағат 11-ден бастап басты фестиваль сахнасында Republic би ұжымы, қазақстандық эстрада және опера әншісі Толқын Забирова, Sopranova және Umberto project тобы өнер көрсетеді. Сағат 14:30-да сахнаға Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев және Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі шығады.
Концертті Steppe Sons, Umberto project этногруппасы, «Асу» тобы, Димаш Дәулетов, Kyle Ruh, Дәурен Байбори, Ерназар Жұбан, Бауыржан Мусин, Диана Исмаилова және басқа да әртістер жалғастырады. 18.00-ден бастап сахнада «МузАрт Life», Гариф Игисинов, Дәурен Байбори, Қарлығаш Садықова, Жанерке Қабатаева, Ерназар Жұбан, Кайл Рух, «Иллюзионист» және «пиксельді барабандар»шоулары өнер көрсетеді. Фестивальдің тақырыптары Captown және Hiro болады.
Саябақтың аумағы тақырыптық аймақтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы әр түрлі жастағы және қызығушылықтағы қонақтарға өзінше пайдалы болады. Мысалы, бақша инновацияларының аумағында қонақтарға Алматыны көгалдандыру барысында инновациялық тәсілдердің қалай қолданылатыны көрсетіледі. Гүл ғажайыптары бульвары ерекше баққа ұқсайды, мұнда әрбір гүл біздің қалаға сұлулық қосып, оны барлық тұрғындар үшін жайлы үйге айналдырады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы Ел Президентінің идеясы таза болашақ көшесін құруға негіз болды. Көше экологиялық бастамаларға қатысу арқылы әр адамның ортақ үйімізді таза ұстауға қосқан үлесінің маңыздылығын еске салады. Бақша жұлдызының көшесінде Алматының мақтанышы мен сәні болып табылатын алма бақтарының арасында жүріп, әркім өзін қаланың бір бөлігі ретінде сезінеді.
Сонымен қатар, көшеде ғасырлар бойы қала тұрғындары мұрағаттық фотосуреттер арқылы соңғы бірнеше жылда мегаполистің сүйікті көшелері мен алаңдарының қалай өзгергенін көреді. Дәмді саяхат көшесінде ұсынылған әрбір тағам мәдениет пен гастрономиялық дәстүрлер туралы әңгімелейді.
Apple Fest барысында «Кітап оқиғалары» атты шытырман квест өтеді. Осы іс-шараға отбасымен бірге қатысушылар танымал кітаптардың мазмұнына негізделген қызықты квесттер арқылы әдебиет әлеміне ене алады. Квест сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады.
Фестиваль аясында қала тұрғындары үшін ең ауқымды алма жәрмеңкесі өтеді, одан бөлек қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі, елшіліктер аллеясы, бау-бақша жабдықтары юәрмеңкесі және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Саябақта күні бойы ашық аспан астындағы кинотеатр жұмыс істейді, онда қазақ киносының алтын қорынан фильмдер көрсетіледі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз