Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Атом энергетикасы туралы барлық ақпаратты Халықтық штабтың жаңа сайтынан білуге болады

admin by admin
13 сентября, 2024
Атом энергетикасы туралы барлық ақпаратты Халықтық штабтың жаңа сайтынан білуге болады
Buy JNews
ADVERTISEMENT

«AMANAT» партиясының «TALQYLAU» диалог алаңының отырысы аясында Атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайтының таныстырылымы өтті. Жаңа ресурс – aes2024.kz, алдағы референдум мен Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.

Аталған платформада әлемдегі атом энергетикасының даму тарихымен танысуға болады – АЭС саны мен халықаралық тәжірибеден бастап, қауіпсіздік стандарттары мен жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейінгі деректер қамтылған. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың Медиа-тобының жетекшісі Бақтияр Мәкен жаңа порталдың тұсаукесері барысында сайттың халықты атом энергетикасы мен алдағы референдум туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Референдум туралы және атом энергетикасының ерекшеліктері жайлы объективті әрі толық ақпарат беру мақсатында біз Қазақстанда өтетін референдумға арналған бірыңғай ақпараттық ресурс аштық. Бұл сайт атом энергетикасы мен референдум мәселелеріне қызығушылық танытқан азаматтар үшін негізгі ақпарат көзіне айналады. Ресурс құрылымы егжей-тегжейлі ойластырылған. Сайт қолданушыға барынша ыңғайлы етіліп жасалған: интерфейс оңай әрі қажетті ақпаратты еркін алуға мүмкіндік береді», – деді Бақтияр Мәкен.

Сайт қазақ және орыс тілдерінде үш негізгі айдарды қамтиды: «Жаңалықтар», «Атом энергетикасы туралы» және «АЭС салу бойынша». Айдарлар мен олардың сипаттамалары түсінікті әрі қарапайым тілмен жазылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін басты бетте референдумның күні мен өтетін орны көрсетілген және кері санақ жүргізілуде. Электронды сағаттар нақты уақыт режимінде кері санақ жүргізіп, сайлау учаскесіне бару уақытын жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Сайт құрылымы ыңғайлы, қолданушыға қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді. Басты бетте атом энергетикасының экономикалық, экологиялық және басқа да аспектілері туралы мазмұн қысқаша әрі түсінікті түрде берілген. Интернет қолданушысы АЭС құрылысына қолдау білдіру немесе қолдамау мәселесінің қоғамға қалай әсер ететінін біле алады. Әрбір сайлаушының дұрыс шешім қабылдауы үшін беделді сарапшылар, соның ішінде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы директорының орынбасары Александр Клепиков және басқа да мамандар өз пікірлерімен бөлісетін болады», – деп қосты Бахтияр Мәкен.

«Атом энергетикасы туралы» айдарында «Әлемдегі атом энергетикасы», «АЭС салудың әлемдік тәжірибесі», «Жиі қойылатын сұрақтар» және «Әлемдегі АЭС саны» сынды маңызды бөлімдер бар. Мұнда атом энергетикасы туралы кең көлемді ақпарат қолжетімді. «АЭС салудың әлемдік тәжірибесі» бөлімінде пайдаланушылар басқа елдердің сәтті жобаларымен және озық тәжірибелерімен таныса алады.

Әрине, сайттағы ең танымал бөлімдердің бірі «Жиі қойылатын сұрақтар» болмақ, мұнда АЭС құрылысы, дауыс беру процесі, оның артықшылықтары мен ықтимал қауіптері туралы барлық сұрақтарға қарапайым тілмен жауаптар берілген. Ең жиі қойылатын алты сұрақтың жауабы ұсынылған, олар экологиялық қауіпсіздіктен бастап саяси тәуекелдерге дейінгі мәселелерді қамтиды.

Сайт қазақстандық қоғамның атом энергетикасына қатысты барлық сауалдарға жауап береді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сайт жасаушылары көрсеткен байланыс орталығының телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 (7172) 707 628.

Жалпы, шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Төрағасы Талғат Темірханов және «Экономикалық зерттеулер институты» Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов қатысты.

Еске сала кетейік, елдегі ең белсенді және беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді. Штаб атом электр станциясын салу идеясы төңірегінде халықты біріктіру мақсатында құрылған. Оның құрамына алты саяси партияның 250-ге жуық өкілі және 20 республикалық қоғамдық ұйым кірді.

Халықтық штабтың Баспасөз қызметі

Байланысты

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ № 7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ РЕТРАКТОРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОМЫРТҚАҒА АЗ ИНВАЗИВТІ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ОПЕРАЦИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУДЕ

Келесі жаңалық

Әсері баяу бомба: артериялық гипертония

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
Категориясыз

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

13 апреля, 2026
Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
Категориясыз

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

13 апреля, 2026
Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр
Категориясыз

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

13 апреля, 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Категориясыз

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

13 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Әсері баяу бомба: артериялық  гипертония

Әсері баяу бомба: артериялық гипертония

Apple Fest-2024: Hiro және Captown, 130 тонна алма, 1700 литр алма компоты және Шапито циркі

Apple Fest-2024: Hiro және Captown, 130 тонна алма, 1700 литр алма компоты және Шапито циркі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті: оқиға куәгерлері егжей-тегжейлі баяндап берді

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті: оқиға куәгерлері егжей-тегжейлі баяндап берді

15 июня, 2021
Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты жиын туралы

Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты жиын туралы

13 декабря, 2024
Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді

Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді

3 апреля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
  • Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
  • Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.