---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/12/d%d2%afniezh%d2%afzilik-k%d3%a9shpendiler-ojyndary-bastal%d2%93annan-beri-140-tonnadan-astam-%d2%9baldy%d2%9btar-shy%d2%93aryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғаннан бері 140 тоннадан астам қалдықтар шығарылды

![Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғаннан бері 140 тоннадан астам қалдықтар шығарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/aav.jpg)

Бүгін, 4-ші күн Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар және мәдени іс-шаралар 6 негізгі нысанда: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз сарайында, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде және «Думан» қонақ үй кешенінде өтуде.

«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен «Қазанат» ипподромына іргелес 10 га аумақта орналасқан «Көшпенділер әлемі» этноауылының басты алаңында санитарлық тазалау және механикаландырылған қолмен тазалау, оның ішінде жақын маңдағы көшелерді тазалау бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Сондай-ақ, жоғарыда аталған стадиондардың, сарайлар мен кешендердің тұрақ орындары мен іргелес аумақтарында қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта осы объектілерде 2 ауысымда 63 арнайы техника: тиегіштер мен самосвалдар және т.б.техникалар тартылған.

Дайындық кезеңінің басынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана-Тазалық техникасының күштік құраммен және құралдарымен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатқан аумақтардан 149 тонна қоқыстар және «Арғымақ» объектісінен 48 000 м3 көң шығарылды. Сонымен қатар, тазалауға шамамен 139 жол жұмысшылары жұмылдырылған.Суару және жуу үшін 5 300 м3 су пайдаланылды.

---

Жарияланды: 2024-09-12T12:21:34+06:00

Жаңартылды: 2024-09-12T12:21:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/12/d%d2%afniezh%d2%afzilik-k%d3%a9shpendiler-ojyndary-bastal%d2%93annan-beri-140-tonnadan-astam-%d2%9baldy%d2%9btar-shy%d2%93aryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.