---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/10/d%d2%afniezh%d2%afzilik-k%d3%a9shpendiler-ojyny-%d2%9baza%d2%9bstan-medaldar-kestesinde-k%d3%a9sh-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

![Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/1725794657.jpg)

**5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді.

Екінші орында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей спортшылары түйіндеп тұр.

Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола болса, Францияның құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.

Бүгінге дейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 20 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.

![медаль](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-09-09/bdb53ac1-5f8a-456d-a96f-52496402b096.jpeg)

*Фото с сайта check-point.kz*

---

Жарияланды: 2024-09-10T04:17:57+06:00

Жаңартылды: 2024-09-10T04:18:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/10/d%d2%afniezh%d2%afzilik-k%d3%a9shpendiler-ojyny-%d2%9baza%d2%9bstan-medaldar-kestesinde-k%d3%a9sh-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.