---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/10/air-astana-almatyda%d2%93y-t%d2%afrksib-audanyny%d2%a3-mektep-kitaphanalaryn-toly%d2%9btyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana Алматыдағы Түрксіб ауданының мектеп кітапханаларын толықтырды

![Air Astana Алматыдағы Түрксіб ауданының мектеп кітапханаларын толықтырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/attachment-13.jpeg)

**Жаңа оқу жылының басталуымен Air Astana Алматының Түрксіб ауданындағы бес қазақ тілді мектепте кітапхана қорларын жаңарту жобасын жүзеге асырды.**

Осы бастама аясында қазақ тіліндегі 855 заманауи, жарқырап безендірілген кітап табысталды.

Бастама сапалы әдебиетке қол жеткізу арқылы балалардың білімі мен дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақтың жетекші Steppe & World Publishing баспасынан таңдап алынған кітаптар кітапханалардың қорларын жаңартып қана қоймай, өскелең ұрпақты оқу мен әлемді тануға итермелейтін білім көзіне айналады.

*«Оқу білім мен шабыт әлеміне есік ашады. Оқылған әрбір кітап — жаңа көкжиекті ашады және әлемді басқа көзбен көру мүмкіндігін береді. Бүл жоба балаларға сыни ойлау дағдыларын және оқуға деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектесетін мемлекеттік тілдегі сапалы әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті Air Astana корпоративтік коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева.  *

Сыйға тартылған кітаптардың ішінде «Гарри Поттер» және «Нарнияның хроникасы» сияқты танымал туындылардың толық жинағы, сондай-ақ Oxford University Press-тің ғылыми-көпшілік және балалар әдебиеті, соның ішінде STEM кітаптар жинағы, өзін-өзі дамыту бойынша заманауи кітаптар мен қызықты комикстер бар.

Air Astana қазақ тілін қолдауға және Қазақстанда білім беруді дамытуға өз үлесін қоса отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ұстануды жалғастыруда.

---

Жарияланды: 2024-09-10T06:52:51+06:00

Жаңартылды: 2024-09-10T06:52:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/10/air-astana-almatyda%d2%93y-t%d2%afrksib-audanyny%d2%a3-mektep-kitaphanalaryn-toly%d2%9btyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.