Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Технология

«Кселл» компаниясының киберқауіпсіздік мамандары үздік деп танылды

admin by admin
16 сентября, 2024
«Кселл» компаниясының киберқауіпсіздік мамандары үздік деп танылды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы үздік мамандары марапатталды, олар Мемлекеттік техникалық қызмет ұйымдастырған ауқымды Кибер оқу қорытындылары бойынша анықталды. Кибер сайысқа ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтарынан 12 команда қатысты, олардың әрқайсысы 2 топқа бөлінді: «қорғаушылар» — Blue Team және «шабуылшылар» — Red Team. Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша «Кселл» жетекші мобильді операторының киберқауіпсіздік мамандары бірден екі номинация бойынша жүзден жүйрік шықты.

Байланысты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) ұйымдастырған екі күндік кибер жаттығулардың шарты бойынша қатысушы командалар шынайы кибершабуылдарға барынша ұқсас келетін қауіпті жағдайларда IT-инфрақұрылымды, жүйелер мен сервистерді қорғауда өздерінің дағдылары мен мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс болды. Blue Team қауіп расталғаннан кейін 15 минут ішінде бақылау, киберқауіптерге жауап беру және АҚҰҮО ескертуіне жауапты болды. Red Team командасының негізгі міндеті инфрақұрылымға ену және пайдаланушылардың жеке ақпараты мен қаржылық деректері секілді сезімтал деректерге қол жеткізу болды.

«Біздің компанияның Blue team командасы үшін кибер оқыту мықты челлендж болды, өйткені қысқа уақыт ішінде SIEM ұсынған жүйені баптау қажет болды, ал бұл жерде аталған жүйемен бұрын жұмыс істемегенімізді айта кету керек, сондықтан бұл біздің сайысқа деген ынтамызды қамшылап, ширата түсті десем болады. Біз шабуылды тиімді анықтау үшін оған корреляциялық ережелер жазуымыз қажет болды. Мұндай кибер шабуылдарға тез жауап беру, дұрыс есептерді тіркеу және мұның бәрін шұғыл түрде АҚҰҮО жіберіп отыру қажеттілігі бізді жүйрік ойлап, тез шешім қабылдауға итермелеп отырды. 2023 жылы KazHackStan жарыстарында 1-ші орынға ие болған біздің Red Team командасы кибер жаттығулар кезінде өз дағдыларын қайта дәлелдеуі қажет еді, дегенмен команданың бір бөлігі еңбек демалысында болғанына қарамастан, олар тас түйін болып, ортақ күшін жұмылдырып, сайыста жоғары нәтиже көрсетті. Осылайша, Blue Team командасы жарыстың екі күнінде 130-дан астам есеп құрып, 660-тан астам ереже жазды және 6000 ұпаймен қарсыластарынан озып, 34875 ұпай жинады. Red Team командасы стандартты кибершабуылдардан басқа бірнеше бизнес тәуекелдерді жүзеге асырып, 14675 ұпай жинап, қарсыластарынан 5000-ға жуық ұпаймен озық шығып, жеңіс тұғырына шықты», — деп атап өтті «Кселл» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің менеджері Павел Шубин.

«Мұндай оқу жаттығуларға және сайыстарға қатысу – бұл ақпараттық қауіпсіздік мамандары үшін өз білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін сынап көруге, сондай-ақ компанияның ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жетілуі деңгейін байқауға таптырмайтын мүмкіндік. Біз 12 мықты деген командалар арасынан үлкен жетістікпен алға шыққан, үздіктердің үздігі деп танылған өз мамандарымызды мақтан тұтамыз. Айта кетерлігі бірден екі бағыт бойынша жеңіске жету «Кселл» компаниясының киберқауіпсіздікті серпінді және тиімді дамытып, компанияның инфрақұрылымын, оның ішінде өз клиенттерінің деректерін қорғауға қамқорлық жасайтынын айқын дәлелдейді»,- деп атап өтті «Кселл» АҚ қауіпсіздік жөніндегі Бас директоры Данияр Ибраев.

Ал кибер сайысты ұйымдастырушы Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының айтуынша, мұндай шаралар шынайы кибер шабуылдарға қарсы тұрар мамандардың тегеуріні мен дағдыларын тексеруге, олардың қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ туындайтын сынақтарға тиімді стратегия құру үшін АҚҰҮО қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Tags: Blue TeamKazHackStanRed TeamSIEM жүйесіақпараттық қауіпсіздікАқпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығыкибер оқу-жаттығукибершабуылКиберқауіпсіздікКселл
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері науқасты ауыр инсульттен кейін аман алып қалды

Келесі жаңалық

Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы отырысының қорытындысы бойынша

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды
Технология

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

19 августа, 2025
Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті
Технология

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

22 июля, 2025
Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты
Технология

«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты

17 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
Келесі жаңалық
Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы отырысының қорытындысы бойынша

Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы отырысының қорытындысы бойынша

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 9 қыркүйекте қай спорт түрінен сайыстар өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 9 қыркүйекте қай спорт түрінен сайыстар өтеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 653 адам жұқтырған

8 марта, 2021
Қазақстан билігі АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ

Қазақстан билігі АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ

17 февраля, 2021
Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

Өткен тәулікте коронавируспен 1145 науқас тіркелді

17 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
  • Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
  • Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.