---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/06/%d2%9baza%d2%9bstan-norvegiya-matchyna-bilet-adam-%d2%9bolynan-%d2%9bansha%d2%93a-satylyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан-Норвегия матчына билет адам қолынан қаншаға сатылып жатыр

![Қазақстан-Норвегия матчына билет адам қолынан қаншаға сатылып жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/214700.webp)

**Бүгін 19:00-де Алматы Орталық стадионында УЕФА Ұлттар Лига аясында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

20 тамыз күні сатылымға шыққан бұл матчтың билеттері бір тәулік ішінде толық өтіп кеткен.

Ресми мәліметке сәйкес, матч билеті 2-10 мың аралығында тек онлайн сатылған. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет матчы басталуына 2 сағат қалғанда көрсеткен поштаға келетінін хабарлады.

Дегенмен, желіде Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегор сынды әлемдік футбол жұлдыздары қатысатын ойынға билеттерді сатып алуға болады. Ғаламтордағы билет құны 8 мыңнан басталып 25 мыңға дейін жетеді.

![норвегия](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-09-06/47f08d16-c9cb-44cc-bf26-122d57806c29.jpeg)Фото: Kazinform

Сатушылардың бірі стадионның шығыс бөлігі 44 сектордағы 2 билеттің әрқайсысын 22 мың теңгеге ұсынады. Ал билетті ойын басталар алдында 1-2 сағат бұрын стадион жанынан беретінін айтады.

![матч](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-09-06/1bcb57bd-b6b6-4ecc-9b07-cfac9d65d6d1.jpeg)Фото: Kazinform

Айта кеткен жөн, Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген матч алдындағы баспасөз мәслихатында достарының бұл ойынға билет сұрағанын айтқан еді.

> — Менен достарым билет сұрады. Мен «сендер Ұлттық құраманы қолдауға келесіңдер ме, әлде Холанды көруге ме» деймін, — деді қазақстандық футболшы.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Kff.kz

---

Жарияланды: 2024-09-06T07:09:23+06:00

Жаңартылды: 2024-09-06T07:09:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/06/%d2%9baza%d2%9bstan-norvegiya-matchyna-bilet-adam-%d2%9bolynan-%d2%9bansha%d2%93a-satylyp-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.