---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/05/almatyda-72-zher-uchaskesi-memleket-%d2%9bazhettiligine-m%d3%99zhb%d2%afrli-t%d2%afrde-alynady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 72 жер учаскесі мемлекет қажеттілігіне мәжбүрлі түрде алынады

![Алматыда 72 жер учаскесі мемлекет қажеттілігіне мәжбүрлі түрде алынады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/61b849744e090.jpg)

**Рысқұлов даңғылын ұзарту үшін Алатау ауданындағы Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін орналасқан 72 жер учаскесі мемлекет қажеттілігіне мәжбүрлі түрде алынды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулы Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының сайтында жарияланды.

> «Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе»,- делінген құжатта.

Бұдан бөлек, жер телімдерінің иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленетіні айтылған. Жалпы тізімге Алғабас және Теректі шағын аудандарында орналасқан 72 жер учаскесі енген. Толық тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Фото: Informburo.kz

---

Жарияланды: 2024-09-05T06:15:34+06:00

Жаңартылды: 2024-09-05T06:15:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/05/almatyda-72-zher-uchaskesi-memleket-%d2%9bazhettiligine-m%d3%99zhb%d2%afrli-t%d2%afrde-alynady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.