Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Бизнес

FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

admin by admin
4 сентября, 2024
FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы – Кутаиси бағытында орындалған КС7077 рейсінің бортында мерейтойлық жолаушысын құттықтады. 2019 жылдың мамырында операциялық қызметін бастағаннан бері әуекомпания 15 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл ретте тасымалдаушының 11 миллионға жуық жолаушылары әуекомпания қызметтерін ішкі рейстерде пайдаланды.

Байланысты

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

Қазақстандықтардың әуе мобильділігін арттыру үшін құрылған әлеуметтік жоба Қазақстандағы жолаушылар ағынының өсуіне айтарлықтай әсер етті. Тек 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында FlyArystan 1,8 миллионнан астам жолаушыларды тасымалдады. Барлық жолаушылардың 10%-дан астамы бұрын ұшақпен ұшпаған және алғашқы рейсін FlyArystan-мен орындаған. Орталық Азиядағы «лоукостер» моделінде қызмет атқаратын алғашқы әуекомпания ретінде ол бюджеттік әуекомпаниялар мен саяхаттардың жаңа мәдениеті қағидаттарын енгізу және танымал ету бойынша қазақстандық авиацияның қозғалтқышы болды.

Ричард Леджер, FlyArystan президенті:

«Біз 15 миллионыншы жолаушыны қарсы алуға қуаныштымыз және бұл факт көптеген адамдар үшін саяхатты қолжетімді етуге және Қазақстан мен таяу шет елдер арасындағы байланысты жақсартуға деген ұмтылысымызды сипаттайды. Жоғары сұранысқа ие жазғы маусымда FlyArystan 7000-нан астам рейс орындады. Рейстердің басым бөлігі ішкі бағыттар бойынша болды. 2024 жылдың екінші тоқсанында тасымалданған жолаушылар саны миллионға жуық адамды құрады. Алда жаңа міндеттер, жетістіктер және маршруттар күтуде. Бұл ретте, біз ұшу қауіпсіздігін сақтау және инновацияларды енгізу жөніндегі негізгі қағидаттарымызды ұстануды жалғастырамыз».

FlyArystan-ның туристік тәжірибені жақсартуға және дәстүрлі тәсілдерден бас тартуға салған инвестициясы жолаушылар ағынының өсуіне айтарлықтай әсер етті. 2022 жылы әуекомпания жолаушыларға рейске өзі тіркелуге және жолжүкті тексеруге мүмкіндік беретін iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізді. Қазір терминалдар Қазақстанның лоукостер ұшатын 14 қаласында қолжетімді. 2024 жылдың басынан бастап терминалдарды 100 мыңға жуық жолаушы пайдаланды, бұл әуежайда болу уақытын едәуір қысқартты. Сондай-ақ рейстерге онлайн тіркелудің танымалдығы артып келеді: қазірдің өзінде 2,4 миллион жолаушы мобильді қосымша немесе сайт арқылы тегін онлайн тіркеуден өткен. FlyArystan платформалары Қазақстанның ірі интернет-сауда алаңдарының қатарына кіреді. Ағымдағы жылы әуетасымалдаушы инновациялық шешімдерді енгізуді жалғастырып, Алматы Халықаралық әуежайында Орталық Азиядағы жаңа әрі алғашқы технология – Baggage Drop Off (BagJan) технологиясын таныстырды.

Әуекомпанияның 15 миллионыншы жолаушысы 59 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Марат Тәтібаев болды, ол жұбайы Тынышықпен Боржомиге демалуға ұшқан. Мерейлі жұп әуекомпаниядан сыйлықтар мен қазақстандық лоукостердің кез-келген бағыты бойынша тегін ұшу сертификатына ие болды. Атап өтер болсақ, әуекомпания алғашқы миллионыншы жолаушысын операциялық қызметін бастағаннан бір жыл өткен соң, 2020 жылы тасымалдады. 2021 жылдың желтоқсанында жолаушылар ағыны 5 миллионды, ал 2023 жылдың мамырында 10 миллион адамды құрады. Осылайша, әуе тасымалына сұраныстың экспоненциалды өсуі байқалады. Бұл ретте, экспансия әуекомпанияның әсерінен жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн – FlyArystan рейстері мемлекет тарапынан субсидияланбайды және рейстерді орындауға арналған барлық шығындарды әуетасымалдаушы толығымен өзі қамтамасыз етеді.

FlyArystan Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы базаларындағы Airbus A320 ұшақтарынан құралған заманауи әуе паркінің көмегімен кең маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. Бүгінгі таңда тасымалдаушының маршруттық желісі Қазақстан бойынша 14 ішкі рейстерді және Түркия, Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қытай елдеріне халықаралық бағыттарды қамтиды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ағымдағы жыл әуекомпания үшін өзге де бірқатар маңызды оқиғаларымен ерекшеленді. 2024 жылдың басында FlyArystan «Эйр Астана» АҚ-ның 100% еншілес ұйымына айналғаны жарияланды. Биыл лоукостер қазақстандық авиациялық заңнамаға және халықаралық пайдалану стандарттарына сәйкестігін растайтын Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен өзінің пайдаланушы сертификатын (AOC) алды. Екінші жыл қатарынан FlyArystan «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукостері» ретінде Skytrax марапатын жеңіп алды.

Tags: 15 миллион жолаушыFlyArystaniJan терминалдарыішкі рейстеравиацияАлматыжолаушылар ағыныКутаисилоукостерхалықаралық рейстер
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдеу зауыты ашылды

Келесі жаңалық

ОТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨСКЕН ЖОҚ: ӨНІМДІЛІГІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРТАША ЧЕК ӨСТІ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Бизнес

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

16 мая, 2026
Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды
Бизнес

Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

12 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
50$  МЛРД  АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ
Бизнес

50$ МЛРД АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ

9 июня, 2025
Келесі жаңалық
ОТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨСКЕН ЖОҚ: ӨНІМДІЛІГІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРТАША ЧЕК ӨСТІ

ОТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨСКЕН ЖОҚ: ӨНІМДІЛІГІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРТАША ЧЕК ӨСТІ

Мемлекет басшысы Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Даниал Ахметов: «ШҚО экономикасына 547 млрд.теңге инвестиция салынды»

Даниал Ахметов: «ШҚО экономикасына 547 млрд.теңге инвестиция салынды»

20 ноября, 2020
Бағасын сақтайтын автомобильдер: қай брендтерді сатып алу тиімді?

Бағасын сақтайтын автомобильдер: қай брендтерді сатып алу тиімді?

7 февраля, 2025
Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы: Азаматтар мемлекет тарапынан қанша сома ала алады

Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы: Азаматтар мемлекет тарапынан қанша сома ала алады

19 августа, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
  • Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.