Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

admin by admin
3 сентября, 2024
Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік  жобасы аясында зерттеу жүргізілді

«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында тыйым салынғаннан кейін елде вейптер мен бір реттік электрондық темекілердің сатылу жолдары мен мұндай өнімдердің желіде заңсыз сатылуының негізгі тәсілдерін түсіну үшін танымал интернет-алаңшаларға зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезеңі — 2024 жылдың шілде айы. Зерттеу географиясы — Қазақстан Республикасы. 

Байланысты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

«Қазақстанда жастар арасында құрамында никотин бар заттардың таралуына қарсы күрес бойынша іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылуда.  Осы жылы да маңызды қадам жасалды – 19 сәуірде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға тыйым салатын заңға қол қойды. Біздің қор 2023 жылы осы мәселені шешу үшін «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасын іске қосты. Осы кезеңде біз жобаның қамту географиясын үш өңірден беске дейін кеңейттік – бұл Алматы, Астана, Өскемен, Шымкент және Қарағанды. Біздің белсенділер мен еріктілер мектептер мен жоғары оқу орындарында көптеген кездесулер өткізді, акциялар, рейдтер мен флешмобтар ұйымдастырды. Қазір жоспарымызға орай нүктелік жұмыстан ауқымды іс – шараларға көшуді көздеп отырмыз»,-деп атап өтті «Қазақстан балалар қоры» ҚҚ директоры және Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының вице президенті Эльвира Ватлина. 

Вейп (ағылшынның Vape-булау) деген сөзі немесе электронды темекі бұл қыздырған кезде темекі түтінін емес, бу шығаратын темекілік сұйықтықтарды буландыруға арналған құрылғылар. Вейптердің зияны аздау  болып саналады, бірақ оларды ұдайы қолдану никотинге деген тәуелділікке  және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі ықтимал. Кейбір мәліметтерге 

сәйкес, темекілік сұйықтықтар, хош иістендіргіштер жүрек пен қан  тамырларының жұмысын бұзып, тыныс алу жолдарының қабынуын, ал кейбір  жағдайларда онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.  

Зерттеу барысында белгілі болғандай, Қазақстанда вейптер OLX сауда  алаңшасында, Telegram мессенджерінде және Instagram әлеуметтік желісінде  сатылады. Бұл рейтингте бірінші орын OLX платформасына тиесілі. 

OLX платформасы 

Similarweb мәліметтері бойынша, соңғы айда ғана онда кіріп шығулардың жалпы саны 9,4 млн жеткен. Бүкіл зерттеу кезеңінде вейптің сатылуы туралы 14 белсенді хабарландыру табылды. 

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасының зерттеуі анықтағандай, OLX-те вейптер 2020 жылдан бері сатылады екен. Аталмыш құрылғылардың сатылуы туралы хабарландыруларды орналастырған аккаунтардың басым бөлігі 2024 жылдың маусым-шілде айларында тіркелген. Бұл ретте әрбір аккаунт орташа алғанда есеппен екі хабарландырудан шығарады. 

Көптеген жарнамаларда вейптердің нақты суреттері бар, негізінен «бір реттік», «электронкалар» сөздері, сондай-ақ «Waka», «ElfBar», «LostMary»  сияқты таралған брендтердің атаулары пайдаланылады. 

Расын айту керек, платформа тарапынан вейптердің заңсыз сатылуы туралы хабарландыруларға қарсы күресу шаралары жүргізіледі, мұндай хабарландырулар әдетте бір тәулік ішінде жоғалып кетеді. Бірақ содан кейін олар қайтадан OLX алаңшасында, оның үстіне «Сән», «Хобби, демалыс, спорт», тіпті «Балалар аяқ киімі» сияқты бөлімдерде қайта шығып қалады. 

Telegram 

Бүкіл зерттеу кезеңінде Telegram-да вейптерді сату туралы 8 белсенді  хабарландыру анықталды. 

Бұл мессенджерді айына шамамен 12,5 млн қазақстандық пайдаланады және зерттеу барысында анықталғандай, аталмыш платформаның вейптерді  сату туралы хабарландыруларды орналастыру жағынан қамту аясы ең  ауқымды. Бұл жерде заңсыз сауда жасау өте ыңғайлы, өйткені сатушылар өз  бизнесі үшін канал немесе топты жылдам құрып, вейптер, бағалар мен  акциялар туралы ақпаратты жариялай алады. 

Сонымен қатар, Telegram құпиялылықты қамтамасыз етеді, соның  арқасында сатушылар клиенттермен шифрленген хабарламалар арқылы  хабарласа алады, бұл да тыйым салынған санатқа жататын тауарларды сату  кезінде оларға ыңғайлылық туғызады. Сондай-ақ мессенджер тапсырыстарды  автоматты түрде өңдеу, хабарламалар жіберу және жиі қойылатын сұрақтарға 

жауап беру үшін боттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сатушылардың  жұмысын жеңілдетеді және заңсыз бизнестің тиімділігін арттыра түседі. 

Instagram 

Бұл әлеуметтік желінің қамту аясын ескерер болсақ — 12,1 миллионнан  астам қолданушы, мұндай өнімді сатудың артықшылығы әйгілі «телеграмға» қарағанда аздау. Зерттеу кезеңінде вейптің сатылуы туралы барлығы 3  белсенді хабарландыру анықталды. Барлық жарнамалардың ішінде тек 1  дүкен ғана Instagram-да тапсырыстарды қабылдайды және өңдейді,  қалғандарында Telegram-ға сілтемелері бар.  

Дегенмен, Instagram жарнамалық жағынан тартымды, өйткені ол жарнаманы  нақты бір аудиторияға реттеп беруге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында анықталғандай, сатушылар вейп жарнамасын 18-30 жас аралығындағы ерлер  аудиториясы үшін бағыттайды. Орналасу контекстінде жекелеген өңірлер  емес, бүкіл Қазақстан пайдаланылады. 

Осылайша, Instagram вейптер заңсыз сатылатын интернет платформалардың рейтингінің соңындағы орынға ие. 

Зерттеу сонымен қатар темекі шегетін құрылғыларды жеткізудің  қызықты фактісін анықтады. Белгілі болғандай, вейп сатушылары жеткізу  қызметтерін пайдалануды жөн көреді немесе тұтынушыларға тыйым салынған  тауарды жеткізу үшін өз курьерлерін жалдайды.  

«Біз зерттеуіміздің нәтижелері құқық қорғау органдарына вейптердің заңсыз  сатушылары мен осы уытты құрылғыны өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында  таралуына қарсы жүргізіліп отырған күреске көмектеседі деп үміттенеміз», – дейді зерттеудің авторы және Астана қаласы бойынша «Вейпсіз жастық шақ» жобасының үйлестірушісі Артур Алхастов. 

Біз туралы: 

«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы – «Қазақстанның балалар  қоры» ҚҚ үкіметтік емес қайырымдылық ұйымының бастамасы. Жоба 2023  жылдың мамыр айында Астана, Алматы, Өскемен қалаларында басталды.  Бүгінде 5 өңірде жұмыс істейді, аталған қалаларға Шымкент пен Қарағанды  қосылды. Акцияның мақсаты-жасөспірімдердің вейптерді тұтынудың алдын  алу мен шектелуіне қол жеткізу.  

Жоба ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауына және сарапшы дәрігерлердің мақұлдауына ие болды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

АЛМАТЫДА ЖАСАЛҒАН СӘТТІ ОТА: НАУҚАСТЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ АЗАБЫНА НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Келесі жаңалық
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚМА есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға қарсы іс қимыл жөніндегі комплаенс кеңесінің отырысын өткізді

Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау шеңберінде ҚМА жедел кеңес өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Сергек» камералары енді республикалық маңыздағы жолдарға орнатыла бастайды

«Сергек» камералары енді республикалық маңыздағы жолдарға орнатыла бастайды

14 декабря, 2020
Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті

Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті

28 апреля, 2023
Ақмола облысы «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда өткен тәулікте 1068 адам коронавирусқа шалдыққан

16 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.