---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/09/02/to%d2%9baev-zh%d2%afrgizushi-ku%d3%99ligin-o%d2%9bymaj-a%d2%9b-alatyndar-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Жүргізуші куәлігін оқымай-ақ алатындар бар

![Тоқаев: Жүргізуші куәлігін оқымай-ақ алатындар бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/09/667be33171141024060238.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар…
> 
> 
> 
> 
> Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуына да тоқталды.

> «Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
> 
> 
> 
> 
> Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», — деді Мемлекет басшысы.
> 
> 
> 
> 
> Иллюстративное фото: stan.kz

---

Жарияланды: 2024-09-02T08:12:13+06:00

Жаңартылды: 2024-09-02T08:12:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/09/02/to%d2%9baev-zh%d2%afrgizushi-ku%d3%99ligin-o%d2%9bymaj-a%d2%9b-alatyndar-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.