Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді

admin by admin
2 сентября, 2024
АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бүгін атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум бойынша Жарлыққа қол қойылады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымдауынша, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс.

Байланысты

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Фото: e-cis.info

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы

Келесі жаңалық

Тоқаев: Жүргізуші куәлігін оқымай-ақ алатындар бар

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Категориясыз

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

19 апреля, 2026
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
Категориясыз

Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

18 апреля, 2026
Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?
Категориясыз

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

18 апреля, 2026
Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы
Категориясыз

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

17 апреля, 2026
Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды
Категориясыз

Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды

17 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Тоқаев: Жүргізуші куәлігін оқымай-ақ алатындар бар

Тоқаев: Жүргізуші куәлігін оқымай-ақ алатындар бар

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм — Жолдаудың толық мәтіні

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм - Жолдаудың толық мәтіні

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды

Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды

4 ноября, 2022
Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

10 апреля, 2025
Сайлау күнінде құқық бұзған тағы 6 адам жауапкершілікке тартылды

Сайлау күнінде құқық бұзған тағы 6 адам жауапкершілікке тартылды

21 марта, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
  • Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
  • Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.