Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын қазақстандық ғалымдарды атады, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Ғылыми белсенділікті бағалаудың ортақ халықаралық құралы — Web of Science негізіндегі InCites аналитикалық жүйесі, ол жекелеген ғылыми ұйымдардың да, елдердің де жарияланым белсенділігі мен ғылыми тиімділігін салыстырмалы талдауға мүмкіндік береді», — деп жазылған министрлік анықтамасында.
Сонымен, 2019-2023 жылдар аралығында Web of Science журналында ең көп жарияланған және Хирш индексінің жоғары көрсеткішіне қол жеткізген 10 ғалым:
Исахов Әлібек – жарияланым саны — 227/H-Index — 37
Здоровец Максим — 245/37
Бәкенов Жұмабай — 102/26
Козловский Артём — 150/23
Давлетов Қайрат — 47/23
Семенова Юлия — 59/17
Саппаров Арман — 26/15
Колесников Александр — 36/15
Сәрсенбекұлы Бауыржан — 33/15.
Ал Scopus халықаралық деректер базасынан соңғы бес жыл ішінде Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектеріне 305 837 сілтеме жасалғанын көруге болады.
Scopus базасының h-index-і бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 10 қазақстандық ғалым:
Фото: freepik
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз