---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/29/%d2%9barzhy-piramidasyn-bas%d2%9bardy-degen-k%d2%afdikke-ilingen-%d3%99jelge-haly%d2%9baraly%d2%9b-izdeu-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген әйелге халықаралық іздеу жарияланды

![Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген әйелге халықаралық іздеу жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/66cff5e472fac899363538.jpg)

**Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Дана Анварқызы Батыршинаға халықаралық іздеу жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Дана Анварқызы Батыршина 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған. Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

> «Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:  
> 
> +7-701-218-05-23 — іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 — кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз», — делінген хабарламада.
> 
> 
> 
> 
> Фото: ҚМА

---

Жарияланды: 2024-08-29T05:11:43+06:00

Жаңартылды: 2024-08-29T05:11:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/29/%d2%9barzhy-piramidasyn-bas%d2%9bardy-degen-k%d2%afdikke-ilingen-%d3%99jelge-haly%d2%9baraly%d2%9b-izdeu-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.