Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Экономика

ҚМА заңсыз онлайн құмар ойындар мен лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізді

admin by admin
29 августа, 2024
ҚМА заңсыз онлайн құмар ойындар мен лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізді

Мемлекет басшысының заңсыз құмар ойындармен байланысты қауып қатерлерді бейтараптандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА-ның бастамасымен ведомствоаралық кездесу өткізіліп, заңсыз онлайн құмар ойындарға және лудоманияға қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Байланысты

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

Кездесуге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, қаржы министрі Мәди Такиев, туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков қатысты.

ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов жиынды аша отырып, құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеуге бағытталған бірқатар шаралардың қолданыстағы заңнамада қарастырылғанын атап өтті. Алайда, заңсыз онлайн құмар ойындар әлі де қоғамымыз үшін маңызды мәселе болып қалуда.

«Біз бірлесіп бұл мәселені шешу жолдарын талқылау үшін жиналдық. Бұл қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды және біз бұл салада шұғыл әрекет етуіміз қажет», – деді Д.Малахов.

Өткен жылы ҚМА Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, TikTok-та жаппай карта ойындарын ұйымдастырудың алдын алды. 300-ден астам ұйымдастырушы аккаунты анықталып, құқыққа қайшы контенттің эфирін жедел түрде бұғаттауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект енгізді.

Қазіргі уақытта Instagram-дағы заңсыз лотереяларды ұйымдастырушыларға қарсы жұмыс жүргізілуде.

Агенттік осы әрекеттерге қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға қатаң бағытталған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

ҚМА азаматтарды заңсыз лотереяларға тартатын адамдарды анықтауда Мәдениет және спорт министрлігіне көмек көрсетуге, сондай-ақ, төленбеген салықтарды қосымша есептеу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне ақпарат ұсынуға дайын.

Оған қоса, онлайн-казиноларға қарсы күрес бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бастап 6 мыңнан астам осындай сайттар бұғатталып, көшірмелері тәулік ішінде жойылды.

Заңсыз онлайн-құмар ойындарға қарсы күресте олардың қаржылық операцияларын тоқтату маңызды мәселе болып табылады.

Шетелдік ұйымдастырушылар қазақстандық ойыншылардан тікелей ақша қабылдай алмайды, сондықтан олар жергілікті төлем ұйымдары мен банктерді пайдаланады.

Алайда, құмар ойындар туралы жаңа заң күшіне енгеннен кейін, интернет-казиноға жасалатын транзакциялар шектеледі. Ал банктер мен төлем ұйымдары көмек көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылады.

Бұл мәселе бойынша ҚМА, Мәдениет және спорт министрлігі және Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істеп, заңсыз ақша аударымдарын анықтап, бұғаттауды жүзеге асырады.

Жиын соңында қатысушылар құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен жас ұрпақты қорғауға бағытталған шаралар мен іс-қимыл алгоритімін қамтитын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Tags: АФМАқылжан БаймағамбетовЕрмек Мыржықпаевзаңнамалық өзгерістерзаңсыз онлайн-казинозаңсыз құмар ойындаринтернет-казинолудоманияМадина Әбілқасымовамемлекеттік органдармеморандумМәди Такиевтөлем жүйелеріҚазақстанҚанат Ысқақовқаржы мониторингіқаржы нарығын реттеу агенттігіқаржылық бұғаттауқоғам қауіпсіздігіқұқық қорғауәлеуметтік желілер
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Оралда 23 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған дроппер сотталды

Келесі жаңалық

Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті
Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

29 мая, 2025
Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?
Бизнес

Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

22 апреля, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Басты

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

17 апреля, 2025
inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады
Экономика

inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады

7 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы

Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы

АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді

АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мамырда қазақстандықтар 5,52 миллион долларға алтын сатып алды

Мамырда қазақстандықтар 5,52 миллион долларға алтын сатып алды

21 июня, 2022
Мәсімов елден тыс $ 3 млн алып шықты, бірақ ақша қайтарылды

Мәсімов елден тыс $ 3 млн алып шықты, бірақ ақша қайтарылды

19 июля, 2022
Данияр Елеусінов ІBF топ-10 рейтингіне енді

Данияр Елеусінов ІBF топ-10 рейтингіне енді

3 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.