Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА

admin by admin
28 августа, 2024
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА

22-25 тамыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова бастаған Қазақстаннан келген делегация цифрлық трансформацияның озық тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ отандық университеттерді трансформациялау үшін практикалық цифрлық шешімдерді талқылау мақсатында Шэньчжэнь және Дунгуан қалаларындағы негізгі нысандар мен білім беру мекемелеріне барды.

Байланысты

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Делегация құрамына Қазақстанның он үш жетекші университеттерінің өкілдері мен министрліктің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің өкілдері кірді.

Бірінші кезекте делегация Шэньчжэнь қаласына тоқтап, Қытайдың цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктері көрсетілген цифрлық трансформация көрме залына барды. Экспозиция мемлекеттік қызметтерді жақсарту және білім беру мекемелерін дамыту үшін цифрлық трансформацияның әлеуетін көрсетті. Сондай-ақ смарт білім берудің озық шешімдері, соның ішінде ақылды сынып, интеллектуалды операциялық орталық және интеллектуалды ғылыми-зерттеу платформасы көрсетілді.

Сапар аясында министрлік өкілдері қытайлық әріптестермен цифрлық технологиялар және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Цифрландыру саласында ғылыми әлеуетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

«Білім, талант және экономика бір-бірімен тығыз байланысты. Huawei Қазақстандағы зияткерлік білім беруді дамытуға, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрлігімен және негізгі университеттермен ынтымақтастығымызды тереңдетуге және кеңейтуге дайын», — деп атап өтті Huawei компаниясының вице-президенті Ли Цзюньфэн мырза.

Қазақстандық делегация сонымен қатар жоғары білікті мамандарды даярлаудың инновациялық орталығы болып табылатын Шэньчжэнь университеттік қаласына барды.

Сапарды жалғастыра отырып, қазақстандық тарап Дунгуан қаласына барып, Оңтүстік зауытқа және Huawei (R&D) зерттеу және әзірлеу орталығында болды. Қонақтар зауытта қолданылатын өндірістік қуаттар мен озық технологиялармен танысты, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Министрлік делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары цифрландыру, ғылым және білім беру саласында Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Осы сапар шеңберінде бірлескен жобаларды талқылау және тәжірибе алмасу екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және екі елдің ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтуға негіз болады.

Tags: Huaweiбілім беру технологияларыбірлескен жобаларДинара ЩегловаДунгуаньекіжақты ынтымақтастықжоғары білімді цифрландыруинтеллектуалды шешімдерсмарт-білім берутәжірибе алмасуШэньчжэньғылыми әлеуетҚазақстанҚазақстан университеттеріҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіҚытай
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

Келесі жаңалық

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының басты үміткерлері кімдер

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Басты

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

6 мая, 2026
Келесі жаңалық
Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының басты үміткерлері кімдер

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының басты үміткерлері кімдер

ҚМА есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға қарсы іс қимыл жөніндегі комплаенс кеңесінің отырысын өткізді

ҚМА есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға қарсы іс қимыл жөніндегі комплаенс кеңесінің отырысын өткізді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет тележурналистикаға бет бұрды

Ақбота Сейітмағамбет тележурналистикаға бет бұрды

30 июня, 2021
Қостанайда «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Қостанайда «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

28 апреля, 2026
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 16 адам жұқтырған

Кейінгі тәулікте 1450 адамнан коронавирус анықталды

19 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.