Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Алматыдағы жетінші аурухана дәрігерлері омыртқасы қатты зақымданған науқастарды шағын инвазивті тәсілдермен емдеп жатыр

admin by admin
27 августа, 2024
Алматыдағы жетінші аурухана дәрігерлері омыртқасы қатты зақымданған науқастарды шағын инвазивті тәсілдермен емдеп жатыр
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бүгінде «омыртқа жарығы», «мойын стенозы», «бел омыртқа стенозы», «омыртқаның жылжуы» сынды диагноздарды білмейтін адам кемде-кем. Мұндай ауруға шалдыққан науқастар дәрі-дәрмек көмектеспеген жағдайда хирургиялық операцияға жүгінуге мәжбүр болады. Кез-келген ота салдары оңай болмайтыны белгілі, сондықтан дәрігерлер емнің пациент денсаулығы үшін тиімді тәсілін таңдап алуға тырысады.
Оңтүстік астанадағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада өткен шеберлік класы барысында мойын стенозы, бел омыртқа каналының тарылуы сынды дертке шалдыққан пациенттерге шағын инвазивті оталар жасалды. Оған Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Алматыдағы көпбейінді ауруханалардың нейрохирургтері қатысты.

Байланысты

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Екі күндік шеберлік класы барысында аса ауыр клиникалық науқастарға 3 ота жасалды. Ота барысында бір пациенттің мойын омыртқасына ляминопластика жасалды. Бел омыртқасы зақымданған тағы бір пациентке шағын инвазивті OLIF әдісімен операция жасалды. Хирургиялық манипуляциялардың бәрі МӘМС есебінен жүргізілді.

Ляминопластика – омыртқа қысылып, жүйке талшықтарының зақымдануына әкеп соқтырған стеноз ауруына жасалатын нейрохирургиялық отаның бірі. Ол қысылған омыртқа каналын босатып, отадан кейін болатын асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Ал, OLIF процедурасы өзге ота түрлеріне қарағанда өмірлік маңызы бар ағза құрылымдарын зақымданудан сақтайды.


Мысалы, 52 жастағы науқас 20 жылдан астам уақыттан бері омыртқа жарығының ауыр түрімен ауырады. Соңғы бірнеше айдан бері аяқтары жансызданып, жағдайы мүлде нашарлаған, салдарынан кұнделікті жүріп-тұрудың өзі мұң болғанын айтады. Дәрі-дәрмек пен физиотерапия ешқандай нәтиже бермеген соң хирург мамандардың көмегіне жүгініпті.
«Бұл операция Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры Талғат Керімбаевтың жетекшілігімен өтті. OLIF тәсілі тиімді қолданылды. Бұл біздің ауруханада жоғары білікті мамандар жұмыс істейтінін дәлелдеп берді. Ота нәтижесінде науқас еркін жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болды. Операция тіндердің зақымдануына жол бермейді, бұл әсіресе, ұзақ уақыт бойы созылмалы дертпен ауыратын науқастар үшін өте маңызды», — деді жетінші аурухананың №1 Нейрохирургиялық бөлімшесі меңгерушісі Бақыт Ағлақов.
Маманның айтуынша, OLIF әдісінің артықшылықтары көп. Атап айтқанда, шағын инвазивті отадан кейін науқас денсаулығы қысқа уақытта қалпына келеді; отадан кейінгі асқынулар қаупі төмендейді. Оның үстіне, пациенттердің көбі ота орнында қалатын тыртыққа көп мән береді, сондықтан шағын инвазивті тәсіл косметикалық жағынан да тиімді болып келеді.


«OLIF процедурасы хирургке дененің алдыңғы және қаптал тұсынан жұмыс істеп, беломыртқа қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс науқастарға дәстүрлі отаға қарағанда тез арада сауығып, қалыпты өмірге араласуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, пациент көп қан жоғалтпайды және тін көп зақымданбайды», — деп түсіндірді дәрігер.

Сәтті жасалған отаның арқасында сырқаттың неврологиялық ахуалы жақсарды, аяқтарының сезімталдығы артып, ауырсыну белгілері төмендей бастады. Операция омыртқаны тұрақтандырып, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді. Науқас отадан кейін екінші күні өз бетімен жүре бастады.

Tags: OLIF әдісіАлматыбел омыртқа стенозыляминопластикамойын стенозыневрологиялық ахуалнейрохирургияомыртқа ауруларыомыртқа жарығыотадан кейінгі қалпына келуТалғат Керімбаевхирургиялық емдеушағын инвазивті ота№7 Қалалық клиникалық аурухана
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Саусақ-жүрек»: Алматыдағы дәрігерлер сегіз жасар балаға аномальды саусақты трансплантациялау бойынша бірегей микрохирургиялық операция жасады

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Келесі жаңалық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

СҚО-да тас жолда өзі аударғыш жүк машинасы өртеніп кетті — сақтандырушы жүк көлігінің иесіне келтірілген залалды өтеді

СҚО-да тас жолда өзі аударғыш жүк машинасы өртеніп кетті — сақтандырушы жүк көлігінің иесіне келтірілген залалды өтеді

22 мая, 2025
Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

15 декабря, 2023
БҚДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

БҚДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

25 августа, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.